ПАЙҒАМБЫРЫМЫЗ МҰХАММЕД (С.Ғ.С) АРАФА КҮНІ ЖАСАҒАН ДҰҒАСЫ
ПАЙҒАМБЫРЫМЫЗ МҰХАММЕД (С.Ғ.С) АРАФА КҮНІ ЖАСАҒАН ДҰҒАСЫ
27.07.2020 10:26
713
0

Бұл хадисті Абдулла ибн Амр ибн аль-'Ас жеткізеді. Бірде ПайғамбарымызМұхаммед (с.ғ.с) былай деді:

«Дұғаның ең хайырлысы(жақсысы) – Арафа күні жасалған дұға. Мен және менен бұрын өткен Пайғамбарлар Аллаға мына дұғаны жасайтын деп:

 لا إله إلا الله وحده لا شريك له ، له الملك ، وله الحمد ، وهو على كل شيء قدير

«Лә илаhә иллаллаһу уахдәhу лә шәрикә ләh ләhул-мулку уә ләhул-хамду уә hуә алә кулли шәйин қадир»

Мағынасы: «Алладан басқа ешбір Тәңір жоқ, Оның ешбір серігі жоқ, Барлық мадақ-мақтау және мүлік Оныкі, және Оның барлық нәрсеге күші жетеді.» (Тирмизи)- деген екен. Алла Тағала дұға-тілектерімізді қабыл етсің.

 

Арман Айдарғазыұлы

«Мәшһүр Жүсіп" мешітінің наиб имамы

0 пікір