Адам баласы шынайы ықыласпен құрбан шалса, ақыретте жүзі жарқын болып, Раббысының разылығын алады.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Алла разылығы үшін шалынған құрбанның әрбір қылы үшін сауап бар екенін айтып, былай сүйіншілеген:
«Бірде сахабалар:
- Уа, Алланың елшісі, құрбандық деген не? - деп сұрақ қояды.
- Құрбандық – сендердің Ибраһим (ғ.с.) бабаларыңнан қалған сүннет.
- Одан бізге қандай сауап бар?
- Әрбір тал қылшығы үшін сауап аласыңдар.
- Қойдың жүнінен ше?
- Қойдың жүнінің әрбір тал қылшығына да сауап жазылады», -деп түсіндіреді (Ибн Мажә, Сауабул-адахи, 3118).
Әрбір қылында сауап бар
