Рамазандағы қасиетті жұма күні және Қасиетті Рамазанның соңғы он күні
Рамазандағы қасиетті жұма күні және Қасиетті Рамазанның соңғы он күні
29.05.2015 09:24
6861
0
www.muslim.kz
Д. Рағиб Сиржәни

Үшінші бөлім: Рамазандағы қасиетті жұма күні.
Әрине жұма күні өз алдына қасиетті күн, бірақ оның Рамазан айындағы сауабы немесе артықшылығы әрине ерекше болады. Бұл қасиетті күнде төмендегідей амалдарды жібермеуге тырысыңыздар:
 Ғұсыл алып, әтір жағу;
 Жұма намазына ертерек бару;
 Кәһф сүресін оқу немесе тыңдау;
 Дұға қабыл болатын сәтті сағыну, іздеу (осы күн көп дұға қылу);
 Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) көбірек салауат айту; 
 Туыстар, достармен байланысу, зиярат жасау т.б. ізгі амалдарды өтеуден құр қалмау.

Төртінші бөлім: Қасиетті Рамазанның соңғы он күні.
Әрине біз үшін пайғамбарымыз (с.ғ.с.) осы күндері қалай өткізгені үлгі болуға жеткілікті. Рамазан айының соңғы он күнінде пайғамбарымыз (с.ғ.с.) түнін құлшылықпен тірілтіп, отбасын да құлшылық жасауға оятқан.
Бұл күндері құлшылықтарды барынша көбейту керек және төмендегі аса сауапты амалдар назардан тыс қалмауы керек:
1) Мүмкін болса осы он күні иғтикәф жасау;
2) Егер мүмкін болса, жұмыстан кезекті демалыс алып, құлшылыққа ерекше назар аудару;
3) Жамағатпен тахажжуд намаздарын оқу;
4) Осы он күнде бір рет Құранды хатым қылуға тырысу;
5) Қадыр түнін сағыну (яғни іздеу), оны жіберіп алмауға тырысу, Әрине ол осы соңғы он күннің бірінде, егер осы он күннің барлығын күтсеңіз де артық болмас. Өйткені, оның сауабы мың айдан артық. Және бұл түннің Аллаһ Тағаланың құлшылық етуде шаршаған пенделеріне беретін сыйлығы екенін есте сақтаңыз. Мұндай ұлы сыйлықтан құр қалып жүрмейік құрметті бауырлар!
6) Осы күндерде пітір зекетін шығару керек, әрине ол Рамазанның басынан бастап шығаруға рұқсат бірақ осы күндерден кешікпеу керек, ол зекеттің уақыты айт намазына дейін.
7) Айтқа дайындық жасаймын деп құлшылықтардан махрум қалмау керек, айтқа дайындық Рамазан кірместен бұрын болғаны жөн. Яғни, құттықтау жазуларын дайындау, үйді безендіру т.т. құлшылықтың уақытын алмауы керек.

 

Ұқсас материалдар 

0 пікір