РАМАЗАН ЖОСПАРЫ
РАМАЗАН ЖОСПАРЫ
29.04.2019 21:50
3766
0

РАМАЗАН АЙЫ АЛДЫНДАҒЫ ТАЗАЛЫҚ

Ас бөлме

Жатын бөлме

 Ванна

Қонақ бөлме

 Коридор

Барлық бөлмеде:

 Жарамдылық мерзімі өткен тағамдарды тастау

  Ас бөлмесіндегі шкафтарды тазалау

  Ыдыстарды жуу

Тоңазытқышты тазалау

 Қазан мен табаларды жуу

 Қысқа толқынды пештің ішін тазалау

 Шкафтағы киімдерді реттеу 

Матрастың шаңын қағу 

Көрпе тыстарын жуу

Жастықтарды жуу

 Айнаны жуу 

Ванна/душты тазалау

  Айнаны жуу

 Туалетті жуу 

Қабырға мен еденді тазалау

 Диван, орындық, креслоны тазалау

Дұға ету

 Зікір жасау

 Алланың есімдерін жаттау (3)

100 рет салауат айту

100 рет истиғфар айту

1 аяттан жаттау

 1 діни кітап оқып бітіру

КҮНДЕЛІКТІ ОҚЫЛАТЫН ДҰҒАЛАР ТІЗІМІ

 1. Я, Алла Тағалам! Менің оразамды қабыл ет! Құлшылығымды ізгі құлдардың құлшылығы ет! Бұл күндері менің ұйқымды сергек ет, құлшылығымды кәміл ет!

2. Аллаһым! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, Саған тәуекел жасадым. Рамазан айының ертеңгі күніне де ауыз бекітуге тиет еттім. Сен менің өткен және келешек күнәларымды кешіре гөр!

3. Я, Раббым! Күнәмді кешіріп, тәубемді қабыл ете гөр! Өйткені Сен тәубені қабыл Етушісің және Мейірімдісің!

4. Алла Тағаладан басқа ешбір тәңір жоқ. Ол жалғыз, Оның серігі жоқ. Бүкіл билік Оған тән, Әрі барлық мақтау – мадақ Оған ғана лайық. Оның күш-қуаты барлық нәрсеге толық жетеді. Алла Тағала кемшілік атаулыдан пәк. Бүкіл мадақ (Оған ғана) тән. Алладан басқа ешбір тәңір жоқ. Алла Тағала өте ұлы. Өте биік, Аса зор. Алла Тағаланың күш-қуатынан асатын еш қандай күш-қуат жоқ, Ей, Раббым! Мені кешіре гөр!

5. Ей, Алла! “Мені тәубе етушілер мен тазарушылардан ете гөр!

6. Ей, Алла! Мен адасуымнан немесе адастырылуымнан, өзімнің қателесуімнен не қателікке ұшыратылуымнан және зұлымдық жасауымнан немесе маған зұлымдық жасалуынан және надандықта болуымнан немесе маған надандық жасалуынан Өзіңе сыйынамын.

7. Ей, Алла! Шынында мен Сенің кеңшілігіңді сұраймын. Ей, Алла! Мені шайтанның азғыруынан сақтай гөр.

8. Ей, Алла! Қабір азабынан, жәһәннәм азабынан, өмір мен өлім бүлігінен және Мәсіх Дәжжәл жамандығының кесірінен сақта, деп Өзіңе сыйынамын.

9. Ей, Алла! Қабір азабынан сақтай гөр деп Өзіңе сыйынамын. Сондай-ақ, Мәсіх Дәжжәлдың жамандығынан және өмір мен өлім бүлігінен сақтағын деп Өзіңе сыйынамын. Ей, Алла! Шын мәнінде мен күнә мен қарызданып қалудан Өзіңнен пана сұраймын.

10. Ей, Алла! Өзіңді еске алуға, Өзіңе шүкіршілік етуге әрі Өзіңе көркем түрде құлшылық етуге маған жәрдем бер.

11. Ей, Алла! Мен сараңдықтан Саған сыйынамын, әрі қорқақтықтан саған сыйынамын және ғұмырдың ең қор шағына оралуымнан сондай-ақ, дүние бүлігінің кесірінен және қабір азабынан Өзіңе сыйынамын.

12. Ей, Алла! Расында мен Сенен пайдалы білім, адал ризық-несібе әрі (Өз құзырыңда) қабыл болатын амал сұраймын.

13. Ей, Алла! Шын мәнінде мен Сенің құлыңмын. Сенің құлың мен күңіңнің ұлымын. Менің тағдырым Сенің қолыңда, әрі Сенің үкімің маған міндет. Сенің маған жасаған үкімің әділ, Саған тән болған барлық есімдеріңмен Өзіңді атаған немесе кітабыңда түсірген немесе жаратылғандарыңның біріне үйреткен немесе Өзіңнен басқаға құпия еткен барлық есімдеріңмен Өзіңе жалбарынамын. Маған Құранды жүрегімнің көктемі, кеудемнің нұры әрі мазасыздығым мен уайымымды әкетуші ете гөр!

14. Ей, Алла! Мені харам еткен нәрселеріңнен сақтап, адал еткен нәрселеріңе қанағаттандыр. Әрі Өз кеңшілігіңмен мені Өзіңнен басқаларға мұқтаж етпе.

15. Алла Тағалам! Дәл осы күндері мені Өзің разы болатын істерге жақындат, Өзіңнің қаһарыңа ұшырататын істерден алыстат! Маған Өзіңнің Құраныңды толық оқып шығуға мүмкіндік бер!

16. Алла Тағалам! Бұл күндері маған сергектік бер, сана бер, пайдасыз істерден аулақ ет! Сен Жомарттардың Жомартысың ғой! Мені жанжағымнан ризыққа бөле!

17. О, Раббым! Өзіңнің бұйырған істеріңді істеуде мені табанды ет! Өзіңе деген шүкіршілігімді арттыр! Иманның тәтті дәмін сездір!

18. Жаратқан Ием! Мені тура жол тапқан құлдарыңның қатарынан ете гөр! Кешір! Сен мейірімділердің мейірімдісісің ғой!

19. Алла Тағалам! Күнәларым үшін ақыретте азапқа ұшыратпа, Өзіңнің қаһарыңнан сақта! Өзіңнің қаһарыңа ұшырататын істерден аулақ ет!

 20. О, бізді тура жолға бастаушы Жаратқан Ием! Жаныма әрдайым сәттілікті жолдас ет! Өзіңді ешқашан естен шығармауымды нәсіп ет!

21. Жаратқан Ием! Жүрегіме жетімдерге деген мейірім сал! Мені салиқалы құлдарыңа жолдас ет!

22. Я, Раббым! Мені Өзіңнің алдыңда үлкен жетістіктерге жеткендердің қатарынан ете көр! Өзіңнен ғана үміт ететіндердің қатарынан ет! Өзіңе жақындат!

23. Алла Тағалам! Маған тек ізгі істерді жақсы көргіз, күнәлі істерді жантәніммен жек көргіз! Әрі мені тозақ отынан сақта!

24. Жаратушы Ием! Маған қарапайымдылық нәсіп ет! Тәкаппарлықтан сақта! Әділдік, адалдық секілді ең ізгі қасиеттерді бойыма сіңір!

25. Я, Раббым! Менің жанымды қызғаныш, көреалмаушылық секілді жаман қасиеттерден арылт! Маған сабырлық бер! Құдайдан қорқатын, салиқалы достар нәсіп ет!

26. Жаратқан Ием! Ақырғы сәтімде иманмен кетуді нәсіп ет! Адасқандардан болудан сақта!

27. Алла Тағалам! Ізгі істерге жол көрсет! Армандарымның орындалуын нәсіп ет!

28. Жаратқан Ием! Дәл осы айда кемшіліктерімнен арылуға көмектес! Содан кейін оған қайта жолатпа!

29. Я, Раббым! Алдымнан жәннат қақпасын ашып, тозақ қақпасын мәңгілікке жаба гөр! Құран оқып, Өзіңнің аяттарыңды түсінуіме көмектес! Шайтанның азғыруынан сақта!

30. О, Алла Тағалам! Жүрегімді тек қана махаббатқа толтыр! Кешірімшіл болуды нәсіп ет, Өзің де мені кешір!

31. Жаратқан Ием! Менің осы талпынысым үшін сыйға бөле! Қатекемшіліктерім болса, кешір!

32. Алла Тағалам! Басыма түскен қиындықтардың жеңіл шешімін көрсет! Өзіңнің мейіріміңе бөле!

33. Я, Раббым! Менің осы оразамды Өзің разы болатындай етіп өткізуімді нәсіп ет!

*Бұл тамаша дұғаларды күн шығар алдында және ауызашар алдында оқып тұрыңыздар! Рамазанның әр сәтін жіберіп алмай, дұрыс пайдаланайық.

ОСЫ РАМАЗАНДА ІСТЕЛЕТІН ІСТЕР ТІЗІМІ

  Айналаңыздағы мұқтаж-ау деген бір адамды таңдап, соған ізгілікке толы, жанын жылытатын хат жазыңыз; 

Ұзақ уақыт бойы сөйлеспеген ескі досыңызды кешіріп, онымен татуласыңыз; 

Көршіңізге бір жақсылық істеу (тамақ дайындап апару, шәйға шақыру, ауланы тазалау...); 

Өзіңіздің ең сүйікті асыңызды әзірлеп, өзіңіз жемей, сонымен кедей адамды тамақтандырыңыз; 

Мешіттердің біріне Құран апарып қойыңыз (Оны оқыған әр адамның сауабы сізге жазылады); 

Өзіңіз танитын барлық өмірден өткен адамдарды тізіп жазып, солар үшін шын жүректен дұға жасаңыз.

 Өзіңіз дүниеден қайтқанда адамдардың сіздің артыңыздан қандай дұға жасағанын қалайтын болсаңыз, сіздің бұл дұғаңыз да сондай болсын;

Маңайыңыздан әлі Фатиханы білмейтін бір баланы тауып, үйретіңіз.

 Ол бала өмірінің соңына дейін әр оқыған сайын сізге сауап жазылады;

Жаңа хадис үйреніп, оны ұстануға тырысыңыз.

  Құраннан қысқа сүре жаттап, оның тәпсірін оқып, маңайыңыздағы бір адамға айтып беріңіз.

 Өзіңізді қолға алып, өсек пен ғайбатқа мүлде жоламаңыз. Мұны қатты қадағалаңыз. 

Жұмыстастарыңызға кішкентай сыйлықтар (конфет, жеміс) алып келіңіз. 

Ата-анаңызды қуантып, жиі құшақтаңыз, беттерінен сүйіңіз (өмірден өткен болса, дұға жасаңыз).

 Ұзақ уақыттан бері хабарласпаған туыстарыңызға хабарласып, жағдайларын біліңіз. 

Бір-бірімен араз екі адамды тауып, татуластыруға барыңызды салыңыз.

Үйсіз хайуанды тамақтандырыңыз.

  Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өмірбаяны туралы кітап сатып алып, күнде оқып тұрыңыз.

 Көзіңіз, тіліңіз, жүрегіңіз кездескен жандарды сынамауын қадағалаңыз.

Кемшілік көрсеңіз, сыртынан дұға етіңіз. 

Кездескен жанның бәріне жылы сөз айтыңыз.

  Биыл күннің ыстығына қарамай тәуекел етіп, оразаны алғаш ұстаған 5 адамға сыйлық жасаңыз;

 3 жаңа жақсы қасиетке ие болыңыз.

  3 жаман қасиеттен арылыңыз.

  Осы айдағы табысыңызлың 10% қайырымдылыққа жұмсаңыз.

  Рамазан айының 21, 23, 25, 27, 29 күндері жамағатпен тасбих намазын оқыңыз.

 Ауызашар ұйымдастыруға ат салысыңыз.

  Ұжымдық түрде мешіт тазалығына ат салысыңыз.

 АУЫЗ БЕКІТЕРДЕГІ ДҰҒА

«Уа би сауми ғадин науайту мин шахри рамадан»

Аудармасы: Рамазан айының оразасын Алла ризашылығы үшін ұстауға ниет еттім.

АУЫЗАШАРДАҒЫ ДҰҒА

«Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә ‘аләйкә тәуәккәлту уә ‘ала ризқикә әфтарту уә саумәлғади мин шәһри Рамадана нәуәйту, фәғфирлии мәә қаддамту уә мә аххарту»

Аудармасы: «Аллаһым! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Рамазан айының ертеңгі күніне де ауыз бекітуге ниет еттім. Сен менің өткен және келешек күнәларымды кешір».

ИСТИҒФАР

Оқылуы: Ә‘уузу билләһи минәш-шәйтаанир-ражиим! Бисмилләһир-Рахмәәнир Рахиим Аллаһуммә әнтә Рабби лә иләәһә иллә әнтә Халәқтәни уә әнә ‘абдукә уә әнә ‘алә ‘аһдикә уә уа‘дикә мә-стәта‘ту ә‘уузу бикә мин шәрри Мә сана‘ту әбуу'у ләкә бини‘мәтикә ‘аләйя уә әбуу'у ләкә бизәнби фәғфир ли фә иннәһу лә яғфируз-зунуубә иллә әнтә. (3 рет)

Мағынасы: Рақымыңнан қуылған шайтаннан сақтай гөр деп, Алладан пана тілеймін! Аса рақымды, ерекше мейірімді Алланың атымен! Уа, Алла Тағалам! Сен − менің Раббымсың! Сенен басқа Тәңір жоқ. Мені Сен жараттың. Мен − Сенің құлыңмын, қолымнан келгенше Өзіңе берген уәдеме берік боламын. Істеген істерімнің кесір-кесапатынан бір Өзің сақтай гөр! Берген нығметтеріңнің бәріне шүкіршілік етемін һәм жасаған күнәларымды толық мойындаймын. Мені кешіре гөр! Шынында, күнәларды Өзіңнен басқа ешкім кешіре алмайды.

САЛАУАТ

 Салауат үлгілері

Салауаттың түрлері көп. Ең қысқасы Пайғамбарымыз есімін естігенде «алейһис соләту уәс сәләм» немесе «салла Аллаһу алейһи уәс-сәләм» деп айту. «Аллоһумма солли ала Мұхаммадин уә әзуәжиһи уә зурриятиһи, кәмә солләйтә ала әли Ибраһимә, уә бәрик ала Мұхаммәдин уә әзуәжиһи уә зурриятиһи, кәмә бәрактә ала әли Ибраһимә, иннәкә Хамидум Мажид»

 Мағынасы: Аллаһым, Мұхаммедке, оның жұбайлары мен ұрпағына Ибраһим отбасына салауат еткендей рақымет ет. Және Мұхаммедке, оның жұбайлары мен ұрпағына Ибраһим отбасына берекет еткеніңдей береке бер. Расында, Сен Хамид (мақтаулысың) Мажид (даңқтысың)

0 пікір