РАМАЗАН ЖӘНЕ СӘРЕСІ
РАМАЗАН ЖӘНЕ СӘРЕСІ
22.06.2015 10:58
39802
0

Сәресіге  дұға:

Уа, Алла Тағалам, таң атқаннан күн батқанға дейін тек өзіңнің разылығың үшін ораза ұстауға ниет еттім. Сенің мейірімің  мен кешіріміңе толы мүбәрак айға жеткізгеніне шүкірлік етем. Қасиетті Рамазанның қадірін білгізгеніңе, ораза деген ұлы құлшылықты нәсіп еткеніңе сансыз шүкір.

Уа, Алла Тағалам! Тұтқан оразам тек су ішпей, ас ішпей жүрумен ғана шектелмеуін нәсіп ет! Тілімді, көзімді, құлағымды, бүкіл ағза-мүшелерімді Өзің жақсы көрмейтін істерден аулақ ет! «Осы айда ораза ұстағандардың сауабын Өзім ғана беремін!» деген уәдең бар. Сол ұлы сыяпатыңнан мені де құр қалдырма!

Осы бір берекелі айды шын жүрекпен, ақ ниетпен, терең ықыласпен өткізуді нәсіп ете гөр!

Сәресіде айтылатын дұға:

نَوَيْتُ أنْ أصُومَ صَوْمَ شَهْرُ رَمَضَانَ مِنَ الْفَجْرِ إِلَى الْمَغْرِبِ خَالِصًا لِلَّهِ تَعَالَى

Оқылуы: «Нәуәйту ән асумә саумә шәһри Рамаданә минәл фәжри иләл мағриби халисан лилләһи таъалә».

Мағынасы: «Таңертеннен кешке дейін Алланың ризалығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім».

Ауыз ашарда оқылатын дұға:

اللَّهُمَّ لَكَ صُمْتُ وَ بِكَ آمَنْتُ وَ عَلَيْكَ تَوَكَّلْتُ وَ على رِزْقِكَ اَفْطَرْتُ وَ صَوْمَ الْغَدِ مِنْ شَهْرِرَمَضانَ نَوَيْتُ فاغْفِرْ لِي ما قَدَّمْتُ وَ ما اَخَّرْتُ

Оқылуы:«Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә ‘аләйкә тәуәккәлту уә ‘ала ризқикә әфтарту уә саумәлғади мин шәһри Рамадана нәуәйту, фәғфирлии мәә қаддамту уә мәә аххарту».

Мағынасы: «Аллам! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Рамазан айының ертеңгі күніне де ауыз бекітуге ниет еттім. Сен менің өткен және келешек күнәларымды кешір». 

Ұқсас материалдар  

 

0 пікір