РАМАЗАН ЖӘНЕ КӨРКЕМ МІНЕЗ
РАМАЗАН ЖӘНЕ КӨРКЕМ МІНЕЗ
25.06.2015 10:39
4589
0

 Рамазан - сабыр мен кешірімнің, кең пейілділік пен жомарттықтың, адалдық, пен тазалықтың айы.  Рамазан айында жер бетіндегі миллиондаған адамдардың мінез-құлқы жақсарады. Жақсы қасиеттері артады.  Айналасына құрметпен қарай бастайды.  Жығылғанды тұрғызатындар, жыртылғанды бүтіндейтіндер көбейеді. Ішерге тамағы, киерге киімі жоқ мұқтаж жандарға миллиондаған адамның көмек қолы созылады.

Дүние жүзінде бір айға болса да, ашу-ыза азайып, мейірім мен жұмсақ мінез көрініс табады.  Қабағы қатулы кісілер кұлімсірей бастайды.  Тас болып қатқан жүректер жұмсара бастайды. Мұның бәрі жүректегі иман мен тақуалықтың артуынан болса керек:

 يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا كُتِبَ عَلَيْكُمُ الصِّيَامُ كَمَا كُتِبَ عَلَى الَّذِينَ مِن قَبْلِكُمْ لَعَلَّكُمْ تَتَّقُونَ ﴿١٨٣ 

«Әй, иман келтіргендер! Сендердерден бұрынғы қауымдарға бұйырылғаны секілді сендерге де ораза ұстау парыз етілді. Бәлкім, тақуалыққа жетерсіңдер!»

Уа, Раббым! Иман қуатымның, тақуалығымның  артуына қасиетті Рамазан айын себеп ете гөр! Ашу-ызадан, кесірлік пен қызғаншақтықтан, көре алмаушылықтан, нәпсі құмарлықтарынан, маскүнемдіктен, нашақорлықтан түбегейлі арылуды нәсіп ет!

Уа, Алла Тағалам! Мен секілді әлсіз құлыңдарыңды арлы-ожданды ет! Ел-жұртыма деген парызымды ұмыттырма! Намысымды қолдан бермеуді, халқымды алаламауды, жақынымды жараламауды, қалысымды қараламауды нәсіп ет!  

Ұқсас материалдар  

 

0 пікір