РАМАЗАН АЙЫНДА ЖАСАЛУЫ АБЗАЛ ҒИБАДАТТАР
РАМАЗАН АЙЫНДА ЖАСАЛУЫ АБЗАЛ ҒИБАДАТТАР
21.03.2023 20:44
576
0

قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: ... فَاتَّقُوا شَهْرَ رَمَضَانَ فَاِنَّ الْحَسَنَاتِ تُضَاعَفُ فِيهِ مَا لَا تُضَاعَفُ فِيمَا سِوَاهُ وَكَذَلِكَ السَّيِّئَاتُ. (طص)

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «...Рамазан айына мән беріңдер. Өйткені бұл айда жақсылықтар басқа айларға қарағанда еселеніп беріледі. Күнәлар да дәл солай». (Табәрани, әл-Мұғжәм ус-сағир)

Қасиетті Рамазан айы он екі айдың сұлтаны, Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.а.у.) үмметінің айы. Рамазан айының басы рақым, ортасы кешірім, соңы тозақтан азаттыққа себепші.

Рамазан айында мұсылмандардың күндіз ауыз бекітіп, түнінде тарауих намазын оқиды.

Рамазан – Құран кәрім айы. Сондықтан Құран кәрім оқи алатындар бұл айда Құран хатымы жасауы керек. (Құран кәрім оқуды білмейтіндер осы айды мүмкіндік деп үйренуге талап қылу керек).

Рамазан айының алғашқы кеші (Шағбан шәріптің соңғы күнін Рамазан күнінің алғашқы күніне ауған түн) шам мен құптан арасында «Уа, Раббым! Рамазан айына жеткізгенің үшін» деп ниет етіп екі ракағат шүкір (алғыс) намазы оқылады.

Фатиха сүресінен кейін бірінші ракағатта бір «Кәусар», екінші ракағатта бір «Ықылас» сүресі оқылады.

Намаздан кейін 70 истиғфар, 70 салауат (Салаты мүнжия оқу абзал) оқып дұға жасалады.

Алғашқы он күнде шамасы келгендер тәсбих намазы оқып, әнбия хатымы жасалады.

Екінші он күнде шамасы келгендер тағы тәсбих намазы оқып, әнбия хатымы жасалады.

Үшінші он күнде тәубе, истиғфар, әнбия хатымы және 7 салауат кейін истиғфар хатымын жасап (яғни 1001 рет; «Әстағфируллаһ әл-азим уә әтуубу иләйк» - деп айту), 7 немесе 70 рет салауат айтылады. Соңынан дұға жасалады.

Ауыз ашарға жақындағанда; «Аллаһуммә иә уәсиғал-мағфирати иғфирли» - дұғасын оқиды.

Ауыз ашарда; «Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әмәнту уә ғаләйкә тәуәккәлту уә ғалә ризқикә әфтәрту уә саумә ғадин нәуәйту» немесе; «Зәһбәз зәмәу уәбтәлләтил уруқу уә сәбәтәл әжру ин шә Аллаһу тағала» - дұғасы оқылады. («Дұға және ғибадаттар»)

0 пікір