Рамазан айында денсаулықты сақтаудың құпиясы
Рамазан айында денсаулықты сақтаудың құпиясы
23.06.2015 17:07
4890
0

           Ораза біздің ағзамыз үшін қиын сынақ болмақ, әсіресе алғаш рет ораза тұтқан болсаңыз. Өзімізді рухани дамытуымыз үшін ағзамызды нығайтуымыз керек. Ораза уақытында денсаулығымызды күту үшін келесі кеңестерімізге құлақ түріңіз: 

  1. Суды көп ішіңіз. Аузымыз берік уақытта ағзамыз қатты құрғағандықтан әлсіреп, басымыз ауырып, қатты қажуымыз мүмкін. Сондықтан ауыз ашқаннан кейін суды көп мөлшерде ішуге тырысыңыз. Сондай-ақ, тек судан гөрі оны құрмамен бірге ішкеніңіз өте жақсы. Себебі қатты құрғаған ағзамызды құрма жақсы ылғалдандырады. Ауызашарда сумен бірге құрма қолдану Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннеті болып табылады.
  2. Дұрыс тамақтаныңыз. Ауызашардан сәресіге дейін ағзамызға тек пайдалы, құнарлы сүт өнімдері, балық, ет, нан, дақылдар, көкөністер мен жемістерді пайдаланыңыз. Құрамында ағуызы бар тағамдардан, кофе, майлы, қуырылған тағамдардан мүлде бас тартыңыз.
  3. Тамақты асықпай ішіңіз. Неғұрлым тамақты асықпай шайнап, аз-аздан жесеңіз, соғұрлым асқазан-ішектеріңізге түсетін ауырлық аз болады.
  4. Сәресіні міндетті түрде ішіңіз. Сәресі ішу күні бойы күш береді. Ауызашар уақытына дейін аса қиналмайтын боласыз. Сәресіде мына тағамдарды жегеніңіз абзал:

-бидай немесе сұлы ботқасы

          -жұмыртқа (біреу ғана)

          -тауық еті

          -құрма, мейіз

          -банан

          -сүт өнімдері

          -зәйтүн майы

          -көп мөлшерде су

  1. Жаттығу жасаңыз. Үйде болсаңыз аздап жаттығулар жасаңыз, бірақ асыра сілтеп жібермеңіз. Жеңіл жаттығулар күні бойы күш қуат береді.

Ұқсас материалдар  

0 пікір