Қадір түнін қалай өткіземіз?
Қадір түнін қалай өткіземіз?
10.07.2015 12:56
27941
0

 1.   Дайындық.   Қадір түні –  аса қасиетті әрі қадірлі түн. Сондықтан бұл мерекеге алдын-ала мынадай дайындықтар жасағанымыз жөн:

– Рамазан айында бастаған Құранды аяқтап, хатым еткен дұрыс.
–       Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Дүниеде ризық-несібесінің мол болуын, өмірінің ұзақ болуын қалаған адам туысымен тату болсын» және «Туысынан қол үзген адам жәннатқа лайық емес» -деген. Сондықтан ренжіскен кісілер болса тезірек татуласу –  Қадір түніне дайындықтың бірі.
–      Қадір түні ерекше түн болғандықтан рухани  және сырттай дайындалған жөн. Рухани дайындық – ниеттеніп Алладан іштей жақсы дұға тілеу болса, сырттай дайындық  –  дәрет алып, Құран оқу т.с.с. болмақ.

2.     Ұйқысыз өткізу.
Бір хадисте: «Кім Қадір түнін шын иман және ықыласпен ұйқысыз өткізсе, оның бұрын-соңды істеген күнәлары кешіріледі»,- делінген.

3.     Намаз оқу.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде кім Қадір түні бір сағат немесе қойшы қойдың қарнын тойдырғанындай шамада намаз оқыса, Алла тағалаға жыл бойы ораза ұстағанынан артық болады» -деген.

4.     Құран оқу.
Тағы бір хадисінде: «Қадір түні Құраннан бір аят оқу басқа кезде Құранды толық хатым етіп оқығаннан жақсы» -деген.

5.     Тәубе ету.
Пайғамбарымыздың  (с.ғ.с.) Әнас (р.а) жеткізген мына бір хадисінде: «Адам баласының әрбірі қателеседі, олардың ішіндегі ең жақсысы – тәубе еткендері» делінген.
Тәубе ету дұғасы: «Әстағфирруллаһ әл азийма уә әтуубү иләйк».

6.     Дұға ету.
Осы түні Құраннан, хадистен келген және өз тілектеріңізді көп-көп қайталап, табанды түрде Алладан тілеңіз. 
Қадір түні дұғасы: «Аллаһума иннәкә афуун тухиббул афуа фаъфу аннии». «Алла тағалам! Сөзсіз, Сен кешірімдісің. Кешіргенді жақсы көресің. Мені де кешіре гөр!».

7.     Тәсбих және салауат  айту.
Мыс: «Субханаллаһ»  (Алла пәк), «Әлхамдулиллаһ» (Аллаға мадақ), «Лә иләһә илләллаһ» (Алладан басқа Тәңір жоқ), «Аллаһу әкбар» (Алла ұлы).
Салауат: " Аллаһүммә салли уә саллим уә бәрик аләә сәйидинә Мухаммадин уә аләә али сәйидинә Мухаммад".

8.     Садақа беру.
«Дүниелеріңді зекетпен қорғаңдар, науқастарыңды садақа берумен емдеңдер, бәле-жала толқынын дұға тілекпен тойтарыңдар» (Ибн Масғұд (р.ғ.) жеткізген хадис).
Міне, осы аталған ізгі амалдарды орындап Жаратушымыз Қадір түнінде сауапқа кенелуімізді жазсын!

Ұқсас материалдар   
Рамазан айымен құттықтау хат 1
Рамазан айымен құттықтау хат 2
Рамазан айымен құттықтау хат 3
Оразаны бұзбайтын жағдайлар 
Оразаны бұзатын жағдайлар
Рамазан - жақсылық айы
Рамазан - мейірімділік айы
Рамазан - кешірім айы
Рамазан - жаман әдеттерден арылатын ай
Рамазан – сабыр айы
Рамазан - Құран айы
Рамазан - қайырымдылық айы
Рамазан - Құлшылық айы
Рамазан - Құран айы
Алғаш рет ораза ұстайтын кісілерге қажетті мәліметтер
Ораза - парыз
РАМАЗАН ЖӘНЕ СӘРЕСІ
РАМАЗАН ЖӘНЕ КӨРКЕМ МІНЕЗ
РАМАЗАН ЖӘНЕ АЛЛАНЫ ЕСКЕ АЛУ
Ораза
Оразаның пайдасы
Ораза тұтқанда 
Рамазан айында денсаулықты сақтаудың құпиясы
Рамазаннан алдыңғы түнде жасалатын амалдар
Рамазан айының әр күніне жасалатын жоспар
Рамазандағы қасиетті жұма күні және Қасиетті Рамазанның соңғы он күні
Рамазан айындағы соңғы сәттер. Рамазаннан кейінгі уақыт.
Рамазан нығметті сезіндіреді
Ұлық Рамазанның берекесін тілейміз
Оразаның түпкілікті мақсаты
Алла Тағала мұндай оразаға мұқтаж емес
Құдайдан қорықпағаннан қорық
Ораза тұтушының үндемеуі
Ораза айындағы жомарттық
Жарапазан
РАМАЗАН ЖӘНЕ ДҰҒА
Рамазандағы соңғы он күннің ерекшелігі 

 

0 пікір