ҚАДІР ТҮНІ НЕ ІСТЕГЕН ЖӨН?
ҚАДІР ТҮНІ НЕ ІСТЕГЕН ЖӨН?
26.04.2022 10:10
1623
0

Бұл түнде төрт рәкағат Қадір түні намазы оқылады:

1-ші рәкағатта: 1 «Фатиха», 3 «Иннә әнзәлнаһу...»,

2-ші рәкағатта: 1 «Фатиха», 3 «Ықылас»,

3-ші рәкағатта: 1 «Фатиха», 3 «Иннә әнзәлнаһу...»,

4-ші рәкағатта: 1 «Фатиха», 3 «Ықылас» оқылады.

Намаздан кейін:

• 1 рет «Aллаһу әкбар Aллаһу әкбар, Ләә иләәһә иллаллааһу уаллааху әкбар, Aллаһу әкбар уә лиләәһ ил-хамд»,

• 100 рет «Әләм нәшрах ләкә...» сүресі,

• 100 рет «Иннә әнзәлнааһу...» сүресі,

• 100 рет Пайғамбарымыздың (с.а.у.) Айша анамызға үйреткен  «Aллаһуммә иннәкә Aфүууүн кәримун тухиббул-aфуә фaафу анни» оқылып, дұға жасалады. Mүмкін болса, бір тәсбих намазы оқылады. (Дұға және ғибадаттар. Фазилет Нешрият).

 

0 пікір