ПІТІР САДАҚАНЫҢ МАҢЫЗЫ
ПІТІР САДАҚАНЫҢ МАҢЫЗЫ
03.04.2023 08:50
539
0

قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: شَهْرُ رَمَضَانَ مُعَلَّقٌ بَيْنَ السَّمَاءِ وَالْأَرْضِ وَلَا يُرْفَعُ إِلَى اللهِ إِلَّا بِزَكَاةِ الْفِطْرِ. (فيض)

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Рамазан оразасы көк пен жер арасында тұрады да тек пітір садақасымен Алла тағалаға көтеріледі». (Мунауи, Фәйз ул-қадир)

Пітір садақа Рамазан айында ұсталған оразаның қабыл болуына, өлімнің қиыншылығы мен және қабір азабынан құтылуға себеп. Жоқ-жітіктің мұқтажын өтеуге, мерекелік қуанышты олардың да сезінуіне көмекші. Пітір садақасы діни әрі адами міндет.

Хадис және фиқһ ғұламасы Уәки ибн Жәррах (раһ.) айтқан: “Рамазанда пітір садақа намаздағы сәһу сәждесі сияқты. Сәһу сәждесі намаздағы кемшілікті толықтыратыны секілді пітір садақа оразаның кем-кетігін толтырады”.

Пайғамбарымыз (с.a.у.), “Aлла тағала пітір садақаны oраза ұстаушыны бос, пайдасыз әрі сүйкімсіз сөздерден тазартып, кедейлерді тойдыру үшін уәжіп қылды” деген.

Айт мейрамының бірінші күні таң намазының уақыты кіргеннен бастап пітір садақа беру уәжіп болады. Бірақ кедейлер мұнымен айт намазынан бұрын кем-кетігін толықтырсын деп ертерек беру мәндуб.

Oсман ибн Аффан (р.a.) Рамазанда пітір садақаны айт намазынан бұрын беруді ұмытып, кейін береді. Кәффараты ретінде бір құлды азат етеді. Кейін Пайғамбарымыздың (с.a.у.) құзырына келіп, “Уа, Расулуллаһ! Пітір садақаны айт намазынан кейін бердім. Сол себепті кәффараты ретінде бір құлды азат еттім” дейді. Пайғамбарымыз (с.a.у.) оған:

“Уа, Oсман! Жүз құл азат етсең де пітір садақаны айт намазына дейін берген сауапқа қол жеткізе алмайсың” деп жауап береді.

Салих бір кісі: “Намаз адамды жолдың жартысына дейін, ал ораза Раббының қақпасына дейін жеткізеді. Садақа болса оны қолынан жетектеп Раббының құзырына кіруге себеп болады”.

0 пікір