OРАЗАНЫҢ ПАРЫЗ БОЛУЫНЫҢ ХИКМЕТІ
OРАЗАНЫҢ ПАРЫЗ БОЛУЫНЫҢ ХИКМЕТІ
17.03.2023 08:52
639
0

قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: مَنْ صَامَ يَوْمًا فِي سَبِيلِ اللهِ بَعَّدَ اللهُ وَجْهَهُ عَنِ النَّارِ سَبْعِينَ خَرِيفًا. (خ)

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Алла жолында бір күн ораза ұстаған пенденің жүзін Алла Тағала, шүбәсіз, сол бір күннің себебімен тозақтан жетпіс жыл аулақ қылады». (Сахих Мүслим)

Oраза – Исламның шарттарының бірі болған парыз құлшылық. Бақара сүресінің 183-аяты ораза ұстаудың басты хикметтің жүрегімізде мейрім, рақымшылық, тақуалық және Алладан қорқу секілді сезімдердің бой көтеруін қамтамасыз ету үшін екендігін бізге баяндайды.

Ораза діннің ең үлкен ғибадатына жатады. Күнә мен жамандыққа деген ынта сол арқылы тізгінделеді. Ораза – жүректің бір амалы ретінде күні бойы ішіп-жеу тәрізді нәпсі қалауын тыю арқылы орындалатын қасиетті күрес. Нәпсі әммарә оразаменен тәрбиеленеді.

Ораза ұстаған жан ақылы мен ерік-жігеріне ие болады. Өзін ұстауды және нәпсісін қажетіне қарай пайдалануды біледі. Сол үшін Пайғамбарымыз (с.а.у.) нәпсісіне ие бола алмайтындарға “Oраза ұстасын, өйткені оразаның бұған жақсы әсері бар” деген.

Oраза ұстамаған жан сабыр ете алмайды, нәпсісіне ие бола алмайды, әсіресе молшылықта өмір сүрушілер бір күн аш жүрсе, өліп кететіндей ойлайды және сондай оймен оразаны зиянды нәрседей көреді. Ал расында ораза жеке адамдар үшін болсын, жалпы қоғам үшін болсын үлкен рухани тәрбие берумен қатар, асқазан мен ағзаны демалдыратындықтан адам денсаулығына да пайдасы зор. Оразаның тән мен жанға тигізер пайдасы көп, қоғамдық әрі ахлақи пайдасы да жетерлік. Алайда бұлар оразаның парыз болуының негізгі себебі мен хикметі емес.

Оразаның парыз болуының негізгі хикметі Алланың әміріне бойсұнып құлшылық ләззатын тату және рухты рия атаулыдан тазартып ықыластың қуатын арттыру, өзін тек Алла тағаланың қорғауына тапсыру үшін нәпсімен күресу. Алла тағала бір хадисінде “Oраза мен үшін және оның сауабын тек мен беремін” дейді.

Міне, қиын нәрседей көрінетін ораза осындай керемет құлшылық. Oраза “Шүбәсіз, Біз сендерді қорқынышпен, аштықпен ... сынаймыз” (Бақара сүресі 155) аятында меңзелген “аштықтың” бір үлесі, соның арқасында шегі жоқ ақырет аштығының алдын алып, үлкен қуанышқа кенелтеді. 

0 пікір