Оразаны бұзбайтын жағдайлар
Оразаны бұзбайтын жағдайлар
04.07.2015 15:03
14780
0

 –       аузы берік екенін ұмытып ішіп жеу әрі жыныстық қатынас жасау оразаны бұзбайды, бірақ ораза екені есіне түскенде дереу әлі істерді доғаруы тиіс;

–       ұйықтап жатқанда ихтилам болу. Ұйқыда жатқан адам түс көргеннен немесе шаршағаннан мәни аққан болса, оразасы бұзылмайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Мына үш нәрсе ораза тұтқанның оразасын бұзбайды: Құсу, хажамат (қан алдыру) және ихтилам болу».

–       әйелін құшақтау, сүю;

–       артқы жыныс мүшесіне құрғақ нәрсе сұқса (мыс. градусник);

–       дәрігер ораза тұтушының ішіне бір темір салып қайта шығарса;

–       түнде жүніп болып сәресіден кейін жуыну;

–       егер кісі ұйқыдан тұрғанда жүніп болып оянса, күні бойы тазаланбай жүрсе де бұзылмайды;

–       ауызға келген қақырықты жұту;

–       суға шомылғанда құлаққа судың кіруі;

–       темекі түтінін, қандай да бір түтіндерді еркінен тыс жұту;

–       адамның тамағына шаң-тозаң мен шыбынның кіруі;

–       көз жасы мен беттен аққан тердің ауызға кіруі, алайда аузы берік екенін біле тұра оны жұтса бұзылады;

–       сәресіден ауызда қалып кеткен ноқаттан кішкентай нәрсені жұту;

–       адамның еркінен тыс келген құсық;

–       қан алдыру;

–       сүрме жағу;

–       денеге май жағу;

–       салқындау мақсатында шомылу;

–       бас пен қарынға жағылған дәрі денеден ішке кірмесе;

–       көз бен құлаққа дәрі тамызу;

–       тіс жұлдыру, алайда ішке қан, дәрі, су кетпеуі шарт;

–       ине ектіру (денеге қуат беретін витаминдерді ине арқылы қабылдау оразаны бұзады).

 

Ұқсас материалдар 

0 пікір