Оразаны бұзатын жағдайлар
Оразаны бұзатын жағдайлар
03.07.2015 13:47
53378
0

        Төмендегі жағдайлар оразаны бұзып, тек қазасын өтеуді қажет етеді:

–       азық ретінде жеуге дағдыланбаған нәрселерді ішіп жеу. Мысалы, тас, топырақ, піспеген күріш, шикі қамыр, ұн секілді нәрселерді жеу;

–       әлі іші толмаған жаңғақ пен кепкен пістені қабығымен жұтып жіберу;

–       артқы жыныс мүшесіне свеча қою, дәрі ағызу;

–       ауызға алып ішке қабылдайтын дәрі-дәрмектің барлығы;

–       мұрынға дәрі тамызу;

–       тамаққа май құйғышпен сұйықтық өткізу;

–       бастағы немесе қарындағы жараға жағылған дәрінің денеге (асқазан мен миға) енуі;

–       жаңбыр, қар мен бұршақты байқаусызда жұтып қою;

–       дәрет алу барысында мұрын мен тамағын шайғанда байқаусызда кеңсіріктен судың өтіп кетуі;

–       өз қалауымен, біле тұра мұрнымен немесе аузымен түтін жұту;

–       ұйықтап жатқан кісінің аузына су құйып жіберу;

–       ораза екенін ұмытып тамақ жеп қойған кісінің оразам бұзылды деп ойлап тамақ ішуі;

–       тістерінің арасында қалып кеткен ноқаттай нәрсені жеу;

–       өз қалауымен құсу (еркінен тыс);

–       ауыз толтыратындай мөлшерде еріксіз келген қақырықты жұту;

–       сәресі уақыты өтіп кеткенін білмей тамақ жеп қою;

–       күн батты деп уақыт болмай тұрып ішіп – жеу;

–       әйелін сүю, құшақтау нәтижесінде мәнидің келуі;

–       Рамазан айында ораза ұстауға ниет етпей тамақ ішіп-жеу. Бірақ жоғарыда ескерткеніміздей себепсізден-себепсіз ораза ұстамау үлкен күнә;

–       қан жұту. Ауыздағы қанның көлемі түкіріктен көп болса ораза бұзылады;

–       (мастурбация истимна). Қолмен (мәни) ұрық шығару.

 

Ұқсас материалдар  

 

 

0 пікір