Ораза айты мүбәрак болсын!
Ораза айты мүбәрак болсын!
14.07.2015 16:52
5810
0

         Ораза айты —  отыз күндік оразаны аман-есен аяқтағаннан кейін Аллаға шүкіршілік етіп, қуанышқа кенелетін шуағы мол мереке. Ай бойы Алланың разылығы үшін ашқұрсақ жүріп, көзді харамнан, құлақты өсек тыңдаудан, тілді ғайбат сөйлеуден тыйып, көңілі тазарған мұсылман Алла тағалаға сансыз шүкіршілік ретінде Ораза айты күні екі рәкат намаз оқиды. Намаздан кейін «Ораза қабыл болсын!», «Айт құтты болсын!» деп бірін-бірі құттықтап, мәре-сәре болып ерекше қуанышқа бөленеді. Осы күні дүйім жұрт дүркіретіп той жасап, дастарқан жайып, аста-төк ас беріп, бары мен нарын хақ жолына жұмсайды.

       «Айт» сөзі араб тілінен алынған, «қайту, оралу, мейрам, қуанышты күн» деген мағыналарды білдіреді. Ибн Араби: «Айт (оралу) деп аталу себебі, жыл сайын жаңа қуанышпен қайта келіп отырғандығынан» дейді.

       Тарихи деректерге сүйенсек, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) алғашқы оқыған айт намазы – һижреттің екінші жылындағы Ораза айты еді. Мәдинаға қоныс аударып келген кезде, Мәдинадағы бір ансар-сахаба Исламнан бұрын тойланатын екі күннің болғаны туралы айтқанда, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) екі күнді не үшін атап өтетіндіктерін сұрайды. Олар «Ислам келгенге дейінгі дәуірде біз бұл екі күнді көңіл көтеріп атап өтетін едік» – деп жауап береді. Сонда Алла елшісі (с.ғ.с.) оларға: «Алла ол екі күннің орнына сендер үшін әлдеқайда қайырлысын берді. Біріншісі – Құрбан айт, екіншісі – Ораза айт». Осылайша мәдиналықтардың мейрамы екі ұлық мерекемен ауысқан болатын.

       Қазақ халқында айт күндері жеті, қырық немесе жетпіс үйге айттап кіріп шығу керек деген дәстүр бар. Әлбетте, шариғат мұндай санды міндеттемейді. Бұл қонақжай қазақ халқының ақкөңіл, кең пейілдігінен туындаған ізгі салт екені белгілі. Жалпы, отыз күнгі ораза мұсылмандарды тақуалыққа баулыса, айт күнгі қуаныш күйбең тіршіліктегі өкпе-назды ұмыттырып, мұсылмандардың бауырмалдығын күшейте түседі.

       Олай болса, осындай ұлық мерекеде мерейіміз тасып, келесі жылға аман- есен жетейік! Ораза айты құтты болсын!

Ұқсас материалдар   
Рамазан айымен құттықтау хат 1
Рамазан айымен құттықтау хат 2
Рамазан айымен құттықтау хат 3
Оразаны бұзбайтын жағдайлар 
Оразаны бұзатын жағдайлар
Рамазан - жақсылық айы
Рамазан - мейірімділік айы
Рамазан - кешірім айы
Рамазан - жаман әдеттерден арылатын ай
Рамазан – сабыр айы
Рамазан - Құран айы
Рамазан - қайырымдылық айы
Рамазан - Құлшылық айы
Рамазан - Құран айы
Алғаш рет ораза ұстайтын кісілерге қажетті мәліметтер
Ораза - парыз
РАМАЗАН ЖӘНЕ СӘРЕСІ
РАМАЗАН ЖӘНЕ КӨРКЕМ МІНЕЗ
РАМАЗАН ЖӘНЕ АЛЛАНЫ ЕСКЕ АЛУ
Ораза
Оразаның пайдасы
Ораза тұтқанда 
Рамазан айында денсаулықты сақтаудың құпиясы
Рамазаннан алдыңғы түнде жасалатын амалдар
Рамазан айының әр күніне жасалатын жоспар
Рамазандағы қасиетті жұма күні және Қасиетті Рамазанның соңғы он күні
Рамазан айындағы соңғы сәттер. Рамазаннан кейінгі уақыт.
Рамазан нығметті сезіндіреді
Ұлық Рамазанның берекесін тілейміз
Оразаның түпкілікті мақсаты
Алла Тағала мұндай оразаға мұқтаж емес
Құдайдан қорықпағаннан қорық
Ораза тұтушының үндемеуі
Ораза айындағы жомарттық
Жарапазан
РАМАЗАН ЖӘНЕ ДҰҒА
Рамазандағы соңғы он күннің ерекшелігі 
Қадір түнін қалай өткіземіз?
Қадір түні - «Қадір» сүресі

 

0 пікір