Ораза
Ораза
06.05.2015 10:22
4023
0
Ислам ғылымхалы

       «...Ораза – адам үшiн ең керектi дәрi, рухани әрi материалдық, медициналық диета. Адамның тынбай iшiп-жей беруi оның денсаулығына зиян. Рамазан айындағы ораза он бес сағатты, сәресi iшiлмесе, жиырма төрт сағатты құрайды. Осыншама уақыт аштыққа төтеп беру шыдамдылық пен төзiмдiлiктi шынықтырады. Демек, ауыз бекiтiп, ораза ұстаудың рухани және дiни тұрғыдан да, адам ағазасына медициналық тұрғыдан да келтiретiн пайдасы зор. Мысалы, ораза ұстау iшек ауруларына ем ретiнде кеңiнен қолданылады. Кейбiр терi ауруларының жақсаруына, асқазан мен iшек жұмыстарын жеңiлдетуге де септiгi мол. Бүйрек, бауыр, қуық, сусамыр (қант диабетi), жүрек пен тамыр ауруларына адам ағзасының қарсы тұру қабiлетiн де жақсартады. Әлемге танымал ғалым, медицина ғылымдарының докторы Алекс Каррел: «Белгiлi бiр уақыт аралығында ашығу бауырдағы шекерлердi, терi астындағы май қыртыстарын, бұлшық ет, без, көк бауыр жасушаларындағы (клеткаларындағы) протеиндердiң белсендiлiгiн арттырады» деген».

       Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оразаның сауабы жайлы: «Кімде-кімді ораза ішіп жеуден тыйса, Алла тағала оған жұмақ жемістерінен жегізіп, жұмақ бұлақтарынан ішкізеді. Жұмақта «Раййан» деп аталатын екі есік бар, ол есіктен тек ораза ұстағандар ғана кіре алады» деген.

 

Ұқсас материалдар 

 

0 пікір