ӨМІР БОЙЫ ОРАЗА ҰСТАҒАНДАЙ САУАПТАН ҚҰР ҚАЛМАЙЫҚ, АҒАЙЫН!
ӨМІР БОЙЫ ОРАЗА ҰСТАҒАНДАЙ САУАПТАН ҚҰР ҚАЛМАЙЫҚ, АҒАЙЫН!
11.05.2021 10:22
1113
0

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде-кім Рамазан айының оразасынан соң Шәууәл айында алты күн ораза ұстаса, бір жыл ораза ұстағандай болады» – деп бұл айда ұсталатын алты күн оразаның мол сауабымен сүйіншілеген (Муслим, 1164).

Бұл ораза сауабының бір жылға пара-пар келуін былайша түсінуге болады: Құран Кәрімдегі «Кімде-кім бір жақсылық жасаса, оған оның он есе қарымы беріледі» (Әнғам сүресі, 160) – деген аятқа сай Рамазан айындағы бір ай ораза он еселенсе он ай ораза ұстағанмен және Шәууәл айындағы алты күн ораза он еселенген кезде алпыс күн яғни екі ай ораза ұстағанға тең.

Солайша рамазан оразасы мен Шәууәл айының алты күн оразасы он екі ай ораза ұстағандай сауап таптырады. Бір адам әр жылы осылай орындайтын болса өмір бойы ораза ұстағандай сауап алатын болады. 

P.S.
 Яғни, Рамазан айы біткеннен кейін мұсылман күнтізбесі бойынша,  шәууәл айы басталады. Осы айда айт күнінен кейін қатарынан алты күн ( айттың бірінші күні ораза тұтуға болмайды) немесе осы айдың ішінде бөліп-бөліп ораза ұстауға болады. 

 

 

0 пікір