«Мәшһүр Жүсіп» мешіті бәйге жариялайды!
«Мәшһүр Жүсіп» мешіті бәйге жариялайды!
17.05.2018 20:34
1391
0

«Мәшһүр Жүсіп» мешіті бәйге жариялады (ФОТО)

Жамағат пен жастар арасына

ҚМДБ-ның  Павлодар облысы бойынша өкілдігі  биылғы қасиетті Рамазан айы қарсаңында облыс мешіттері жамағаты мен жастар арасына  ғұлама, ойшыл, ақын,  дін насихатшы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының туғанына 160 жылдық  мерейтойы құрметіне орай «Бабалар даналығы» тақырыбында ҒИБРАТТЫ-ТАНЫМДЫҚ МАҚАЛА бойынша шығармашылық бәйге жариялайды. Бәйгеге 35 жасқа дейінгі жамағат жастар қатыса алады.

Шығармаларға қойылатын талаптың  ең бастысы, шығарма Мәшһүр Жүсіп атамыздың бай мұрасынан  береке мен бірлікті, әділеттілік пен имандылықты дәріптеген озық үлгілерін халыққа насихаттауды арқау етуі тиіс. 

Шығарманың көшірме болмауы шарт, яғни бөгде автордың ойын немесе оқиға желісіне ұқсас жазылған болса, сайысқа қабылданбайды. Егер бұрын жарияланған шығарма болса, алғашқы дереккөзді көрсетуі қажет. Шығарманың мәтіні қатесіз әрі сөйлем құрылысы дұрыс болуы шарт. 

Бәйгеге қатысатын шығармаларыңызды pvl.mazhab@mail.ru  электронды поштамызға    «Бәйгеге!» деп жолдай аласыздар. Жүлделі орын иеленген шығармалар «Мәзһаб.кз» діни-танымдық  порталында жарияланады. 

Шығармалар 2018 жылдың мамыр айының 17-нан маусым айының 11-не (Қадір түніне) дейін қабылданып, Ораза айт мерекесінде жүлделер табысталады. 

Келіп түскен  шығармалар  қазылар сүзгісінен өтіп, тиісті жүлделері табысталады. 

 Шығарма көлемі А4 формасында  3 беттен аспағаны жөн,  және компьютермен   14-қаріп (Times New Roman) теріліп, электронды нұсқасын келтіруі қажет.  

Бәйге жүлделері:

Бірінші  орын – бір.  160 000 (Бір жүз алпыс мың) теңге

Екінші  орын – бір. 100 000 (Бір жүз мың) теңге

Үшінші  орын – бір. 70 000  (Жетпіс мың) теңге

Және бес шығармаға ынталандыру  сыйлықтары  беріледі.

___________________________________________________

Павлодар имамдары арасына

ҚМДБ-ның  Павлодар облысы бойынша өкілдігі  биылғы қасиетті Рамазан айы қарсаңында   ғұлама, ойшыл, ақын,  дін насихатшы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының туғанына 160 жылдық  мерейтойы құрметіне орай «Даналар дауысы» тақырыбында облысымыздағы қала, аудан, кент, ауыл имамдары арасында ҒИБРАТТЫ-ТАНЫМДЫҚ УАҒЫЗ бойынша шығармашылық бәйге жариялайды.

Шығармаларға қойылатын талаптың  ең бастысы, шығарма Мәшһүр Жүсіп атамыздың бай мұрасынан  береке мен бірлікті, әділеттілік пен имандылықты дәріптеген озық үлгілерін ата-бабамыздан жалғасқан дәстүрлі діни-танымдық үлгісінде халыққа  уағыздауды арқау етуі тиіс.

Шығарманың көшірме болмауы шарт, яғни бөгде автордың ойын немесе оқиға желісіне ұқсас жазылған болса, сайысқа қабылданбайды. Егер бұрын жарияланған шығарма болса, алғашқы дереккөзді көрсетуі қажет. Шығарманың мәтіні қатесіз әрі сөйлем құрылысы дұрыс болуы шарт.

Бәйгеге қатысатын шығармаларыңызды pvl.mazhab@mail.ru  электронды поштамызға    «Бәйгеге!» деп жолдай аласыздар. Жүлделі орын иеленген шығармалар «Мәзһаб.кз» діни-танымдық  порталында жарияланады.

Шығармалар 2018 жылдың мамыр айының 16-нан маусым айының 11-не (Қадір түніне) дейін қабылданып, Ораза айт мерекесінде жүлделер табысталады.

Келіп түскен  шығармалар  қазылар сүзгісінен өтіп, тиісті жүлделері табысталады.

 Шығарма көлемі А4 формасында 4-5 беттен аспағаны жөн,  және компьютермен   14-қаріп (Times New Roman) теріліп, электронды нұсқасын келтіруі қажет. 

Бәйге жүлделері:

Бірінші  орын – бір. 160 000 (Бір жүз алпыс мың) теңге

Екінші  орын – бір. (Бір жүз мың) теңге

Үшінші  орын – бір. (Жетпіс мың) теңге

Және үш адамға ынталандыру сыйлығы беріледі.

Мекенжайы:  Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі- 107 үй, «Мәшһүр Жүсіп» мешіті

0 пікір