АШЫҒУ – ДӘРІСІЗ ЕМ
АШЫҒУ – ДӘРІСІЗ ЕМ
24.06.2016 11:33
12640
0

Ресей ғалымдары ашығудың емдік пайдасы зор екендігін анықтап отыр. Атап айтқанда, ашығу адам бойындағы артық салмақтан арылтып қана қоймай, бірқатар ауыр індеттерді, тіпті созылмалы ауруларды да жазуға ықпал етеді екен.

Ғылыми тұрғыда мойындалған Арылту-диеталық терапияның (разгрузочно-диетическая терапия) авторы, медицина ғылымдарының кандидаты, Ресей жара-тылыстану ғылымдары академиясы-ның корреспондент-мүшесі, «Отрадное» пайдалы тағам клиникасының жетекшісі Наталья Батаеваның (суретте) айтуынша, ашығу – тамақтанудан бас тарту арқылы ағзаның ішкі қуат қорларын белсендіру болып табылады.

Н. Батаева ашығу – ағзаны кешенді түрде емдеу екендігін де айтады, ал артық салмақтан арылу – осы процесс барысындағы қосымша, дегенмен, әрине, өте жағымды пайдалардың бірі екен. Оның 20 жылдан астам жүргізген жұмыстарының арқасында арылту-диеталық терапия (АДТ) тіпті дәстүрлі медицинаның өзі қауқарсыздық танытқан және тек уақытша жеңілдік беретін көптеген ауруларды жаза алатындығын дәлелденген.
АДТ үш кезеңнен тұрады: дайындық (арылту), ашығудың өзі және қалпына келтіру (диеталық) кезеңдері. Ашығу бағдарламасы әр адамға байланысты жекелей жасалынады және аурудың түріне орай үш күннен үш аптаға дейін созылады.

Жалпы, ашығу арқылы тыныс алу органдарын, ішек-қарын жолдарын, жүйке жүйесін, созылмалы әлсіздік синдромын, т.б. көптеген ауруларды емдеуге болады. Сондай-ақ, аллергиялық ауруларды да ашығу арқылы емдеуге болатын көрінеді. Сырқаттардан бөлек, ашығудың жанама пайдалары да зор: ағзаны шлактар мен токсиндерден тазартады, артық салмақты кетіреді және алкоголь мен темекіге тәуелділікті жояды, т.б. Доктор Н. Батаеваның ғылыми тәжірибесі бүгінде Батыс елдерінде белсенді қолға алынуда.

 

Дайындаған Е. Тасболат

0 пікір