ТҮНГІ ҚҰЛШЫЛЫҚ

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Алла Тағаланы құлдарына сүйдіріңдер. (Осылайша) Алла Тағала да, сендерді жақсы көрсін». (Табарани, «әл-Мұғжам ул-Кәбир»)

Сүфиян Сәури (рах.) былай дейді: «Шүбәсіз Алла Тағала сәресі уақытында есетін самал жаратқан. Бұл самал зікір еткендердің зікірлерін және истиғфар айтқандардың истиғфарын Алла Тағалаға жеткізеді».

«Түннің алғашқы уақытында Арштың астында бір жаршы былай дауыстайды: «Тұрыңдар! Уа, Алланың абид (көп құлшылық жасайтын) құлдары!». Бұл шақыруды естігендер тұрып, Алланың қалағанынша намаз оқиды. 

Түннің ортасында тағыда бір жаршы былай шақырады: «Тұрыңдар! Уа, Алладан қорыққан құлдар!» Бұл шақыруды естіген тақуа құлдар тұрып таң атқанша намаз оқиды.

Сәресі уақыты келгенде тағы бір жаршы былай дауыстайды: «Тұрыңдар! Уа, Алланың көп истиғфар айтатын құлдары!» Мұны естігендер тұрып истиғфар айтады.

Таң намазы уақыты кіргенде бір жаршы былай шақырады: «Тұрыңдар! Ей, надандар! Мұны естіген қалған құлдар өлілердің қабірінен тұрып махшарға жиналғаны сияқты таң намазы үшін төсектерінен тұрады». Осындай ұйқы кесірінен түнін құр өткізген надандардан болудан Алла Тағалаға сыйынамыз.

 

0 пікір