ТАҢ НАМАЗЫНАН КЕЙІНГІ ЗІКІРДІҢ ІЗГІЛІГІ

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деді: «Сендерге жүректегі қызғаныш пен күдікті кетіретін амалды айтайын ба? Әр айда үш күн ораза ұстау». (Сүнән Нәсәи)

Пайғамбарымыз (с.a.у.) былай деген: 

Таң намазын оқып, тізесі бүгулі күйінде, сөйлемей, “Лә иләһә илләл-лаһү уахдәһу лә шәрикә ләһ…” (дұғасын) оқыған жан үшін он ізгі іс жазылып, оның он күнәсі кешіледі және (жәннаттағы дәрежесі мұны істемегендерден) он саты жоғары көтеріледі. Және сол күні ол адам әртүрлі апаттан, шайтанныңқулығынан қорғалады. Және ширктен басқа әлдебір күнә болмаса, сол күні оған кесірін тигізе алмайды.” 

Бұл хадис ақшам намазына қатысты да айтылады. Ғұламалар бұл хадисті былай талдаған: 

Хадистегі сөйлемеудің мақсаты мына дүниеге байланысты нәрселер. Арада басқа зікірлердің болуының зияны жоқ. Малдас құрудың да зияны жоқ деген.

Күнәнің кешірілуінде белгілісі – кіші күнәлар қамтылады. Кей ғұламалар оған тоқталмайды. Онда үлкен күнәлар да енеді. Алла Тағала үшін ештеңе қиын емес.

“…кесірін тигізу” болса, кешірімге лайық бір іс немесе тәубаға келетіндей амалға қатысты. Сол күні кез келген апаттан қорғалатына сөз берілгендіктен, ол ширкке де жоламайды. 

Және Пайғамбарымыз (с.а.у.) тағы былай деген: “Таң намазын оқыған соң, күн шыққанша сол орнында отырған адам Исмаилдің (а.с.) ұлдарынан (ұрпақтарынан) төрт құл азат еткендей болады.”

Хадистің нақты мағынасы ол адам зікір етпесе де, тек сол жерде отырып-ақ сауап алады, егер зікір де ететін болса, мұнымен қатар, жоғарыда айтылған хадистегі сауапқа ие болады дегенді білдіреді. 

0 пікір