СӘЖДЕНІҢ ДЕНСАУЛЫҚҚА ТАҢҚАЛАРЛЫҚ ПАЙДАСЫ
    Сәжде-бұл намаз уақытындағы бірегей сәт пен құлының Раббысына жақындай түсетін рухани кезеңі. Сәждеге жығылу сәтінде біз Алланың мейірімділігі мен кешірімділігіне жақын боламыз. Рақымы шексіз Алланың құзырында намаз оқу барысында бірнеше рет сәжде етеміз. Ал намаздың адамға рухани жағы айтпаса да белгілі, сонымен қатар денсаулыққа пайдасы жағынан да маңыздылығы басым.

    Алла Елшісі (с.а.у.) өміршең хадистерінде: «Намаз-барлық бәледен құтылудың жолы», «Алланың құлына жақын болатын кезі-сәждеге барған сәт»,-деп баяндаған. Құранда Алла Тағала былай деген: «Әй, мүміндер!Сәждеге бас иіп, Раббыңа құлшылық етіңдер әрі ізгі іс істесеңдер, мүмкін, табысқа қол жеткізесіңдер!» (Құран, 18: 110).

    «Кімде-кім Раббысымен кездесуді қаласа, игі амал жасап, Алламен бірге өзгеге табынбасын» (Құран, 18:110). Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Егер адам толыққанды  сәжде етіп, намазын көркем түрде оқыса, намаз ол адамға: «Сен мені сақтағандай, Алла да сені сақтасын»,-дейді. Содан кейін намазы көкке көтеріледі (қабылданады)».

    Егер адам  толыққанды сәждесін жасап, тиісінше амалдарын орындаса, намазын ең көркем бейнеде оқыса,  намаз оған: «Сен мені сақтағандай, Алла да сені сақтасын!»-дейді. Осыдан соң намазы көкке көтеріледі (қабылданады).

    Алайда пенде дұрыс сәжде жасамай, басын толық имесе, намазын дұрыс оқымаған болады, оған намазы: «Сен мені қалай дұрыс сақтамасаң, Алла да сені сақтамайды»,-дейді. Кейін намаз сол адамның бетіне лақтырылып тасталады. «Рукуғ пен сәждені дұрыс орындаңдар».

     «Ең нашар ұры-бұл өз намазынан ұрлаған адам». Сахабалар: «Алланың Елшісі (с.а.у.),  адам қалайша өз намазынан ұрлайды?»-деп сұрады. Рақым Пайғамбары (с.а.у.): «Адам қашан өзінің рукуғ пен сәждесін толыққанды түрде  орындамаса»,-деп жауап берді.

Сәжденің денсаулыққа пайдасы

    Сәжде еткен сәт адамға жеңілдік пен артықшылық сыйлайды. Айтылмыш жағдайда ол тыныштық пен жанына жайлылық самалын сезінеді. Сәжде-адам миы жүрегінің төменгі орнында болатын ерекше сәті. Осы шақта миға көбірек қан мен оттегі барады, қажетті қоректік заттармен қамтамасыз ете отырып, адамның есте сақтау, көру, есту қабілетін әрі басқа да танымдық қабілеттерін жақсартады.

    Бес уақыт намаз оқитын адамдарда үлкен ерік күші болады. Олар бас ауруы мен психологиялық бұзылулардан көп зардап шекпейді. Сәжде ету барысында мойын бұлшық еттері көп әрі тиімді қозғалысқа түседі.Сіз мұны еденнен бас көтерген сәтте сезіне аласыз. Сәжде ету мен сәждеден тұру уақытында арқа бұлшық еттері қатаяды. Сондықтан намаз оқитындарда арқа ауруы көп кездеспейді. 

    Сәжде-адам денесінен шығатын электромагниттік сәулелердің күшін жоюдың тиімді құралы. Ғалымдар сәжде еткен кезде жердің гравитациясы өзіне барлық зиянды сәулелер мен толқындарды тартатындығын дәлелдеген. Мұсылмандар күніне намазда қаншама рет сәжде ету нәтижесінде қуаныш пен тыныштыққа, жан мен тәннің саулығына қауышады, ең бастысы, өзін Жаратқан Ұлы Аллаға рухани жақындайды.

Дереккөз: islam-today.ru

Аударған: Меруерт Мұхамадиева

0 пікір