СӘБИДІҢ НАМАЗЫ

Жеті жастан асқан сәбидің оқыған намазы қабыл етіледі және оқыған намазының сауабын алады. Сол сияқты оның істеген барлық жақсы амалдарына сауап жазылады. Жеті жасқа келген сәбидің ата-анасы оған намаз оқуды үйретіп, әдеттендіруі керек. Бұл – Ислам тәрбиесіндегі аса маңызды іс. Өйткені Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)«Сәбилерің жеті жасқа келгенде, намаз оқуға бұйырыңдар. Онға келгенде намаз оқымаса, ұрыңдар және жататын жерлерін бөлектеңдер», – деген .(Сунән Әбу Дауд, Китәб әс-салаһ, 418.)

Яғни жеті жасқа толған сәбиге намаз оқуды үйрету керек, бірақ оған бес уақыт намаз оқуды міндеттеу парыз емес. Он жасқа толғаннан кейін баланың намазды толық орындағанын қадағалап, орындамаған жағдайда, жаза қолдану қажет. Бірақ сәби намазды жек көріп кетпеуі үшін зала келтіретіндей ұруға болмайды. Керісінше, сәби намазды өзі қалап орындайтындай етіп тәрбиелеу қажет. Онға толғаннан кейін балаларды бір төсекке жатқызуға болмайды. Оларды жеке-жеке төсекке жатқызады.

"ФИҚҺ ӘЛ-ҒИБАДАТ" кітабынан

Арабшадан аударып құрастырған: Р.Мухитдинов 

0 пікір