РЕЖЕБ АЙЫНДА ОҚЫЛАТЫН НАМАЗ

قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: مَا مِنْ عَبْدٍ يَقُولُ فِي صَبَاحِ كُلِّ يَوْمٍ وَمَسَاءِ كُلِّ لَيْلَةٍ بِسْمِ اللهِ الَّذِي لَا يَضُرُّ مَعَ اسْمِهِ شَيْءٌ فِي الْأَرْضِ وَلَا فِي السَّمَاءِ وَهُوَ السَّمِيعُ الْعَلِيمُ ثَلَاثَ مَرَّاتٍ فَيَضُرَّهُ شَيْءٌ. (هـ)

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Күнде таңертең және кешке үш рет «Бисмилләһил-ләзи лә язурру мағасмиһи шәй-ун фил-арзи уә лә фис-сәмә-и уә һуәс-самиғул-алим» дұғасын оқыған құлға еш нәрсе зиян бермейді». (Сүнән ибн Мажә)

Режеб айының 1-і мен 10-ы арасында он ракағат, 11-і мен 20-ы арасында он ракағат, 21-і мен 30-ы арасында он ракағат «қажет» намазы оқылады. Барлығының оқылу тәсілі бірдей. Тек намаздың соңында оқылатын дұғалар өзгеше. Бұл отыз ракағат намазды оқығандар тура жолда болады. Бұл намазды оқыған адамның жүрегі өлмейді. Бұл отыз ракағат намаз Пайғамбарымыздың (с.а.у.) шаштаразы Салман Фариси (р.а.) тарапынан риуаят етілген.

Бұл намазды ақшам намазынан соң немесе құптан намазынан кейін оқуға болады. Бірақ жұма және дүйсенбі күндері, әсіресе, тәһәжжуд уақытында оқу абзал.

Қажет намазына былай ниет етіледі: «Уа, Раббым! Мені Пайғамбарымыздың құрметіне, қасиетті Режеб айыңның құрметіне нұрға, кешірім мен мейріміңе және ризашылығыңа бөлей көр. Тақуа құлдарыңның арасына қосып, дүние және ақырет қиындығынан сақта! Алла ризалығы үшін Аллаһу әкбар!»

Әр ракағатта 1 Фатиха, 3 Кафирун және 3 Ықылас сүресі оқылып, екі ракағатта бір сәлем беріледі. Осылайша он ракағат оқылады.

• Алғашқы он күнде оқылатын намаздан кейін 11 рет: «Ләә иләәһә иллал-лааһү уахдәһуу ләә шәриикә ләһ, ләһүл-мүлкү уә ләһүл-хамду юхйи, уә юмит, уә һүуә хайюн ләә ямууту биядиһил-хайыр уә һүуә аләә күлли шәйин қадиир» - дұғасы оқылады.

• Екінші он күндікте оқылатын он ракағаттық намаздан соң 11 рет; «Иләәһән, Уаахидән, Әхадән, Самәдән, Фәрдән, Уитран, Хаийән, Қайюмән, Дәәимән, Әбәдән» - деп айтады.

• Үшінші он күндікте оқылатын он  ракағаттық намаздан соң 11 рет; «Әллаһуммә ләә мәәниға лимәә ағтайтә, уә ләә муғтыя лимәә мәнәғтә, уә ләә рааддә лимәә қазайтә, уә ләә мүбәддилә лимәә хакәмтә, уә ләә янфағу зәл-жәдди минк әл-жәдд. Сүбхаанә Раббиәл ағләл Уәһһәб, Сүбхаанә Раббиәл ағләл Уәһһәб, Сүбхаанә Раббиәл алиил ағләл Кәриимил-Уәһһәб, Иәә Уәһһәб, Иәә Уәһһәб, Иәә Уәһһәб» - дұғасы оқылады. («Қасиетті күндер мен түндерде жасалатын ғибадаттар».)

0 пікір