Неге намаз жайында көп айтылады?

Уағыз-насихат барысында, мешіттерімізде жалпы жиындарда намаз жайында көп айтылады. Мұның мәнісі неде? Себебі:

1. Намаз оқу – мұсылмандықтың белгісі.

2. Қияметте пенде бірінші мәселеде намазы үшін сұралады.

3. Егер намаз дұрыс болса өзге амалдың бәрі дұрысталады, егер намаз дұрыс болмаса өзге амалдың да дұрыс болуы екі талай.

4. Намаз пенденің жаман қылықтан тыйылуына септігін тигізеді.

5. Уақытылы оқылған намаз – Алла Тағаланың ең жақсы көретін амалы.

6.  Парыз, мұсылманның мойынындағы қарыз.

7. Мүминнің екі дүниедегі нұры.

8. Қиыншылық жағдайынан шығаратын жол.

9. Түрлі күрделі мәселелрдің шешімі.

10. Күнәларды жұып-шаятын құрал.

11. Пендені Раббысымен байланыстырушы жол.

12. Мына пәниде пендені күпірліктен сақтап тұратын қалқан.

13. Ризық-несібенің берекесі.

0 пікір