Намаздың энергетикалық аспектілері

Кейбір адамдар ғибадатты тек жасы келген үлкен адамдар ғана орындайды, ал жастардың уақыты жеткіліксіз деп болжайды. Алайда, бұл ғибадаттың тек өзімізге ғана  керектігін және құдіреті шексіз Алла Тағала оған еш мұқтаж емес екендігін естен шығармағандығымыз абзал.

  Кез-келген ғибадаттың  адамға мол пайда беретін көптеген тиімді аспектілері бар. Ғибадаттың метафизикалық өлшемі болса, рухани тепе-теңдік  пен табысты болашағымыздың рухани кепілі,  материалдық тұрғыдан алғанда  ғибадат адамның денсаулығы үшін пайдасы зор әрі оның тіршілік әрекетіне жеңілдік сыйлайды. Қазіргі заманғы ғылыми жаңалықтар осының айқын дәлелі болып табылады. Мәселен, Каирде орналасқан  жарық технологияларын Халықаралық зерттеу орталығының ғалымдары жақында салыстырмалы түрде зерттеу барысында  адам пайдасы үшін намаздың бірқатар таңғажайып қасиеттерін  ашты.

   Биология ғылымының профессоры және осы Халықаралық зерттеу орталығының басшысы Мұхаммад Зиятдин Хамид бүгінгі замандағы әрбір адам электромагниттік толқындар желісімен қоршалған әрі оның ағзасында бұл жинақталған деп түсіндірді. Сол үшін адам бұл зияннан құтылуы қажет. Бір қызығы, адам жерге бас ию, яғни, сәжде ету арқылы барлық артық энергиядан арылады. Осы әрекеттерді жасай отырып, ол қажетсіз энергиядан құтылып қана қоймайды, сондай-ақ, жағымсыз толқындардан көп зардап шекпейді. 

    Бес уақыт намаз күні бойы жинақталған теріс энергетикадан арылуымыз үшін жеткілікті. Таңғы намаз адамның күні бойы сергек жүруіне көмектеседі, өйткені, сәжде ету арқылы өзіне түні бойы жинақталғанның бәрін бойынан шығарады. Кешкі намаз адамға тепе-теңдік пен сабырлық сақтауға көмектесіп, стрестен құтқарады әрі оның ұйқысына оң әсерін тигізеді. Намаз сондай-ақ қатерлі ісікке қарсы жақсы профилактикалық іс-шара болып табылады. Намаз жүктілік кезінде  ұрықтың дұрыс қалыптасып, дамуына мүмкіндік береді және сіздің  болашақ сәбиіңіздің  денсаулығына жағымды  әсерін тигізеді. Алайда барлығынан бұрын біздің ғибадатымыздың Жаратушымызға мойынұсынудың құралы екенін ұмытпауымыз керек және біз оның асыл әмірін орындау арқылы құдіреті шексіз Алланың разылығын алуға ұмтылатынымыз хақ.

 МеруертБақдәулетқызы

0 пікір