Намазды бастама, намазды оқы!

-         Қанша тырыссам да осы намаз дегенді бастай алмай-ақ қойдым.
-         Сен намазды бастама, оны оқы!
-         Қалай? Екеуі бір емес пе?
-         Сен намазды бастаймын деген кезіңде әр күні бес уақыт оқу керектігі есіңе түседі. Сөйтіп оны үлкен бір мәселеге айналдырып аласың. Өзіңнен өзің қиналасың.
-         Ал намазды бес рет оқу керектігі дұрыс емес пе?
-         Дұрыс, күніне бес уақыт оқу – парыз. Бірақ, уақыты кірген кезде парыз.
-         Қалай сонда?
-         Мысалы, қазір сағат екі. Олай болса, дәл қазір бесін намазы парыз. Ал екінті, ақшам, құптан намаздары дәл қазір парыз емес.
-         Қалай парыз емес?
-         Парыз емес, өйткені оның уақыты әлі кірген жоқ.
-         Енді не істеймін?
-         Сен намазды бастама, намазды оқы!
-         Мен түсінбедім. Түсіндіріп беріңізші.
-         Намазды бастайын деп ойланба. «Қазір бесін уақыты кірді, намазымды оқып алайын» деп ойла.  Асыр намазының уақыты кіргенде, сол намазды оқуды ойла. Егерде сен бес уақыт, күн сайын оқу керек деп ойлайтын болсаң, ауыр көрініп, оқымай қоюың мүмкін. Сондықтан әр намазды уақыты кіргенде ғана ойланып, оқып алсаң болғаны.
         Расында, қазіргі кезде осы секілді көп адамнан: «Намазды бастауым керек еді» дегенді естіп қаламыз. Олар өздеріне өздері қиындық тудырып: «Күн сайын бес уақыт, не деген бітпейтін намаз» деп қате ойлайды. Сондықтан мұндай ойлардан қорықпастан, намазды әр уақыты кіргенде ғана ойға алып, күнделікті үш мезгіл тамаққа уақыт табатынымыз секілді, намазды да солай орындаған дұрыс.

0 пікір