Намазда ойым бұзылып кете береді...

       Бір кісі Әбу Ханифаға (р.а.)  келіп: «Имам, мен намаздарымды дұрыстап оқи алмай жүрмін. Намаз оқып жатып түйелерімді көріп, ойым сол жаққа бұрылып, ойым бұзылып кетеді. Сіз менен де байсыз. Сіз қалайша ғибадатыңызды ләззатпен орындап, намазыңызға толығымен көңіл байлап жүрсіз?» - деп сұрайды. Сонда хазреті Әбу Ханифа: «Мен түйелерімді көңіліме байламаймын, астауға байлаймын» - деп жауап береді.

0 пікір