НАМАЗДА ЖҮРЕК ТЫНЫШТЫҒЫ

Расулуллаһ (с.а.у.) былай дейді: “Сөз жоқ, парыз намаздары таразы секілді; кімде-кім қақысын толық берсе (толық орындаса), қарымын да толық алады”. (Қузағи, Мүснәд уш-шиһаб)

Имам Раббани (к.с.) былай деген: 

“Құрметті бауырым, сөз жоқ, мына дүние амал жері. Aмалдардың қарымын алатын жер болса – ақырет. Салиқалы амал жасау үшін қайраттану керек. Ең ізгі амал мен ең көркем ғибадат діннің тірегі және мүміннің мәртебесі намазды кемел оқу.  Намазды уақтылы оқу тұрғысында шын ықылас танытып, өте ықтиятты болу қажет. Тіптен намаздың рүкүн, шарт, сүннет және әдебінің әрбірін тиісті үлгіде орындау керек.” (Мәктубат Имам Раббани, 2-том, 20-хат)  

“Сен біліп ал, мына пақырдың (Имам Раббани) ойынша, намаздың толық әрі кемел болуы(осы төрт нәрсені); намаздың парызын, уәжібін, сүннеті мен мүстаһабын орындаудан тұрады… Осы төртеуінен басқа намаздың толық болуына әсер ететін ештеңе жоқ. Өйткені намазда адал көңіл мен жүректің тыныштығы осы төрт нәрсеге байланысты… 

Хадисте “Жүрек тыншымай намаз кемел орындалмайды” дейді. Бұл жерде жүректің тыншуындағы мақсат; намаздың парызын, уәжібін, сүннеті мен мүстаһабын орындауда селқостық болмау үшін, жүрек тыныштығының солармен қатар болуы. Бұл пақырдың ойына одан басқа ештеңе келмейді”. (Мәктубат Имам Раббани, 1-том, 305-хат) 

 

0 пікір