НАМАЗ МҮМІННІҢ МИҒРАЖЫ, ДІННІҢ ТІРЕГІ

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Құл намазын оқып жатқанда (оң не солға) қарамағанша, Алла Тағала оған ұдайы рақымымен қарайды. (Оң не солға) қараса, Алла Тағала оған рақымымен қарамайды». («Сүнән Әбу Дәуід»)

Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Діннің тірегі – намаз...» деген. Намаз сауабы мол амал. Адам намаз оқу арқылы Аллаға (рақымына) қатты жақындайды. Барлық жақсылықты өзіне жинаған намаз амалы жайында не айтылса да аз. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадис шәріпінде былай дейді: «Намаз Алла Тағала тарапынан әмір етілген амалдардың ең қайырлысы. Ендеше бұл қайырды көбейтуге кімнің шамасы келсе (яғни көп намаз оқуға шамасы келсе) көбейтсін». 

Намаз үлкен амал. Намаз адамға материалдық әрі рухани жандандырады. Көзін, көкірегін ашып, жүрегін нұрландырады. Намаз арқылы денедегі қан айналымы жүйеге түседі. Осылайша денеде жаңадан жандану, белсенділік пайда болады. Намаздың арқасында көңілге қонған ләззәт, қуаныш, сәуле және көңіл кеңдігі басқа ешнәрседе жоқ. Сондықтан Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір нәрсеге көңілі түссе намаз оқитын, көңілсіз уақыттарын намазбен өткізетін. 

Намаз адамның рухын, руханиятын көтереді. Бұл тіпті атақты патшалардың алдындағы құрметтен де жоғары болады. Сондықтан «Намаз мүміннің миғражы» деп айтылған. Яғни пенделіктен Аллаға тән Аршқа дейін жоғарылататын баспалдақ. Намазда адам өмірінің барлық мәртебелері бар; Алланың дәргейінде болу, дайындық, ойлану, тілеу, көп отырып тұру, бүгілу, құлау, жайланып отыру, ақырында сау-саламат ісін аяқтау. Адамды өмірдің барлық өткелдерінен өткізіп, жаратылыстың сырлары мен ақыретті ойландырып, Аллаға жеткізеді. Үлкен иман және сауаппен жаңа әлемге қайтарады. Хадис шәріпте: «Намаз ислам мен күпірді айырушы» делінген.

Намаздың дүниелік, ақыреттік, материалдық және рухани абзалдығы мен пайдалары есепсіз көп.

 

0 пікір