КӨҢІЛ РАХАТТЫҒЫМЕН ОҚЫЛАТЫН НАМАЗ ЖАЙЫНДА

 Айша (р. анһа) анамыздан жеткен риуаятта ол былай дейді: Пайғамбарымыздан (с.а.у.) намазда ілтипаттың (басын оң, солға бұрып қараудың) үкімін сұрадым. Ол (с.а.у.): «Ол құлдың намазының бір бөлшегі шайтанның алып қашқаны» - деді. («Сахих Бұхари»)

•    Мүміннің намаз оқитын уақытта намазға толық тазалық және әдемі дәреттен кейін ниет жасауы керек.

•    Парыздарды жамағатпен оқуға мән беру, тіпті ифтитах тәкбірін имаммен бірге алуды еш тастамау, намаздарды мустахаб уақыттарда оқу және қырағатта сүннет мөлшеріне көңіл бөлу керек.

•    Рүку мен сәждеде ағзалардың толық орнығуы шарт. Қаумада (рүкудан кейінгі қиям) әр ағза өз орнын табатындай, толық тұрып тіктелу қажет. Тіктелген кезде ағзалар өз орнында болу керек. Екі сәжде арасында да қаумәдағыдай тағдил әрканға мән беру қажет.

•    Рүку мен сәждеде тәсбихтардың ең азы үш мәрте. Ал ең көбі жеті немесе он бір болады. Имамның тәсбихтарының мөлшері жамағаттың жағдайына қарай болу керек. Жеке намаз оқыған кісі тәсбихті аз мөлшерде (үш рет) айтудан ұялуы керек. Ең аз бес немесе жеті рет айту керек.

•    Сәждеге барарда жерге жақын ағзасынан бастап әуелі тізесін, сосын қолдарын одан кейін мұрнын, кейін маңдайын қояды. Қолдары мен тізелерін қоярда оң жақтан, сәждеден басын көтерерде аспанға жақын болған ағзадан бастауы керек. Яғни сәждеден тұрарда маңдайынан бастап көтерілу керек.

•    Қиямда сәжде орнына, рүкуде аяқтың үстіне, сәждеде мұрынның ұшына, отырғанда қолдарына қарау қажет. Пайғамбарымыздан (с.а.у.) жеткен риуаятта хушу және тыныштықпен намаз жалғыз оқыған кісінің көздерін осы жерлерге тігіп, назарын басқа жаққа аудармау арқылы болатыны айтылған.

•    Саусақтардың арасын рүкуда ашық ұстап, сәждеде қосу – сүннет. Бұған мән беру керек. Саусақтарды рүкуда ашу, сәждеде қосу жәй іс емес, мұнда көп пайда бар. Пайғамбарымыз осы пайдаларды меңзеп осылай жасау керектігін айтқан. Біз үшін Пайғамбарымызға ұюға тең боларлық ешқандай пайда жоқ. («Мәктубат Имам Раббани», 1-том, 266-хат)

 

 

0 пікір