ЖҰМА НАМАЗЫНЫҢ МАҢЫЗЫ НЕДЕ?

Жұма намазы -  дінімізде өте маңызды саналатын, жамағатпен орындалатын апталық ғибадат.

Жұма күнінің ежелде еврей және христиандар үшін апталық ғибадат күні болғандығы, кейіннен еврейлер бұл күннің орнына сенбі күнің, христиандар жексенбі күнін апталық ғибадат күні ретінде өзгертіп қабылдағаны және Ислам діні келгеннен кейін ұмыттырылған қасиетті бұл күннің мұсылмандарға қайтадан оралуы жайлы  Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  былай дейді:

"Біз - бұрынғы кітап берілгендерге қарағанда, ең соңғысымыз. Қияметте - ең алға өтеміз. Олар Алланыңөздеріне парыз еткен осы Жұма намазы күні жайында қарама-қайшы пікірге түсті. Алла  оны бізге көрсетті. Басқа адамдар бұл туралы бізге бағынады. Жұма күнінің ертеңі - Яһудейлер діні одан кейінгі күн - христиандардікі".

Пайғамбарымыздан (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  бұл күннің неліктен Жұма аталуының себебін сұрағанда, былай деп жауап берген. Күмәнсіз, әкеңіз Адамның жаратылысы сол күні жиналады. Қиямет сол күні болады. Қайта тірілу мен адамдардың есеп беруі үшін ұсталулары да сол күні болады. Жұма күнінің үш сағатының соңында бір сәт бар. Сол сәтте дұға еткеннің дұғасы қабыл болады, деген.

Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  басқа бір хадисте: "Мен дұғалардыңқабыл болатын сағатыныңқай уақытта екенін білуші едім, бірақҚадір түні сияқты бұл да Маған ұмытылды" - деген.

Жұма күнінде дұғалардың қабыл болатын арнайы бір сәттің бар екенін айтады. Міне, сондықтан мүмкіншілік болса Жұма күнін толықтай Құран оқу, намаз оқу, тасбих, салауат айту сияқты ғибадатпен өткізсек Алла Тағала сол бір уақытта істеген жақсы істерімізбен, жасаған , ғибадат құлшылығымыз де қабыл етеді екен. Жұма күні тазаланып, мешітке ертерек барып, хұтба тыңдап, артынан намаз оқыған адамның алдыңғы Жұма мен сол Жұманың арасында жасаған қате кемшіліктерімізді біліп - білмей істеген күнәларымыздың кешірілетіні жайлы Пайғамбарымыз(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  хадистерінде сүйінші бар.

Жұма күні мұсылмандардың апталық айты, мейрамы болғандықтан бейсенбі күні ақшамнан бастап, заттық және рухани тазалыққа басқа күндерге қарағанда көбірек көңіл бөлгеніміз жөн. Заттық тазалықтың ең басында ғұсыл алу, тырнақ алу, таза киім кию, хош иісті әтірлер себу келеді. Рухани тазалық ретінде Жұмадан бұрын өзінің жағаға күнәларына тәубе жасап, көбірек нәфіл намаз, зікір, Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айтып жәнеде дұға жасасақ қабыл болатын құпия сағатына бәлкім тура келуді үміт етіп, көбірек дұға етуге тырысуымыз керек.

 

МАТАЕВ Дулат Қабиденұлы,

Екібастұз қалалық мешітінің бас имамы

 

0 пікір