Адамдар намазда бес дәрежеге бөлінеді:
  1. Өзіне зұлымдық жасайтын немқұрайлы адамның дәрежесі. Ол дәретін, намаз уақытын, тіректерін және шектерін орындамайтын адам.
  2. Намаз уақыттарына, тіректері мен дәретіне ұқыпты болады да бірақ, нәпсісінің азғырғанына қарсы тұра алмай намазында өзге ой пікірлерді араластырып тұрады.
  3. Намаз тіректерін, уақыттарын ұстанады. Азғыруларға қарсы тұрады. Намазы бұзылып немесе сауабы кемімеуі үшін ой қиял, нәпсісімен күресіп берілмей тұрады. Оның жүрегін намаз мәселесі мен Аллаға ғибадат жасау ойы баурап тұрады.
  4. Намазға тұрса, оның барлық ақысын өтеп, жүрегімен намазынан ешбір нәрсесін жоғалтпау үшін беріліп тұрады. Оның барлық ниеті, ойы намазын дұрыс орындауға арналған.
  5. Намазға тұрса ол да барынша міндеттерін толық орындауға тырысады. Бірақ, осымен бірге Алланың алдында тұрғанын сезініп тұрады және Ол өзін көріп тұрғандай, жүрегі Оның махаббатымен толы болады. Оны азғырушылар бөле алмайды. Бұл адам мен басқа адамның айырмашылығы аспан мен жердің арасындағыдай. Себебі бұл кісі намазында бар жан дүниесімен Раббысына ғана беріліп тұрады.

       Нәтижесінде:
       Бірінші топ – жазаланады
       Екінші топ –  жауапқа тартылады
       Үшінші топ – кешіріледі
       Төртінші топ – сауап алады       
       Бесінші топ – Раббысына жақындатылады

0 пікір