ҮЛКЕН КҮНӘЛАР
ҮЛКЕН КҮНӘЛАР
23.03.2020 11:59
423
0

Күнә  дінде қылмыс болып саналатын, Алланың әмірлеріне қайшы келетін, әртүрлі істер мен сөздер. Исламда күна сапасы тұрғысынан үлкен және кіші болып екіге бөлінеді. Үлкен күна, бұзғыншылыққа себеп болатын, аят немесе хадис келтірілген, істеген адамның дүниеде немесе ақыретте жазалануына себеп болатын үлкен қылмыстар мен әрекеттер.

Пайғамбарымыз(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде; «Құртатын жеті түрлі күнадан сақтаныңдар, Олар;

1.Аллаға серік қосу,

2.Сиқыр жасау,

3.Нақақтан адам өлтіру,

4.Жетімнің хақысын жеу,

5.Пайыз(өсім),

6.Соғыстан қашу,

7.Арлы әрі иманды әйелге зина жаласын жабу» (Бұхари, «Уасая»,23; Мүслим «Иман», 38) делінеді.

Осылардан басқа

-Алланың әмірлерінің орындалмауы (парыздарды орындамау, харамдарды жасау),

- пара алу,

-құмар ойындарын ойнау,

- алкаголді және естен тандыратын заттарды жасау,

-ғайбат айту,

-өсек тасу,

-арам ойлау,

-басқаларды келеке ету және

-ұрлық жасау да үлкен күна болып саналады.

 

0 пікір