ТƏУХИДТІ ЖИІ АЙТЫП ЖҮРЕЙІК!
ТƏУХИДТІ ЖИІ АЙТЫП ЖҮРЕЙІК!
03.06.2020 11:54
612
0

Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді.

«Кімде-кім Кəлимаи тəухидті айтатын болса Алла Тағала мен сол калиманың арасындағы перде көтеріліп сөз тура Алла Тағалаға жетеді. Алла Тағала: «Ей кəлима тоқта !»,- деп бұйырады.Ал кəлима болса:

«Мені айтқан кісі рахметіңе кешіріміңе қауышпағанша тоқтай алмаймын»,- дейді.

Сонда Алла Тағала айтады: «Ұлылығым, құдіретім кемелдігімнің хақы үшін Мені зікір еткен (есіне алған) құлымды кешірдім.»

Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) былай бұйырады:

«Кімде - кім шын көңілімен шын ықыласымен бір рет Кəлимаи тəухидті айтатын болса, Алла Тағала оған жаннатта төрт мың дəреже сыйлап, төрт мың күнəсін кешіреді».

Сахабалар: «Ей Алланың Елшісі! Оның төрт мың күнəсі жоқ болса қайтеді?»,- деп сұрағанында:

«Əйелінің, балаларының жəне туыстарының күнəларын кешіреді»,- деп жауап береді.

Кəлимаи тəухидті ұдайы айтып жүру қажет.

 Мұсылман бауырлар, «Лə илаһə иллаллаһ,  Мухаммадун расулуллаһ»,- деп тəухидті жиі айтып жүрейік. Баршаңызға Алланың нұры жаусын!

 

0 пікір