Тағдыр мен қаза
Тағдыр мен қаза
24.05.2019 11:52
659
0

Бір жапырақ, жапырақ болғанға дейін өсіп жетіледі. Қай өсімдіктің жапырағы болса соған сай пішінге енеді. Дәл сол іспетті бір гүл де, гүл болғанға дейін өсіп, өніп қай өсімдіктің гүлі болса соған сай пішінге бүрінеді. Бір қызығы сол пішінге құтты бір қалыптан шыққандай болып сай келіп тұра қалады, бойы да, қалыбы да, өзіне сай күйге енеді. Мінекей, дәл осы мысалдағыдай мына әлем де бір рухани қалыптан шыққан, белгілі бір мақсаты бар. Атомдар, молекулалар, жасушалардың саны бар. Сол сандардың өзі белгілі бір мөлшермен берілген. Осы өлшеулер арқылы олардың тағдыры белгілі болады. Бұл тағдыр барша жаратылыстың ілімін меңгерген, барша жаратылыс арасындағы қарым-қатынасты орнықтырған, ұлы ілім мен құдірет иесінің сызған тағдыры.

Барша жаратылыс өзіне тән қалыптан шыққандай белгілі бір пішінмен, өлшеммен жаратылады. Осы рухани қалыпқа тағдыр дейміз. Тағдыр жаратылыстардың әрі мекенін, әрі мерзімін қамтиды. Тағдырдың белгілегендерінің жаратылуы болса қаза деп аталады.

«Жаралыға жаны шыққанша жәрдем бергін,

Жаны жазатайым кетпесін.» (Бауыржан Момышұлы)

 

0 пікір