ШЫН ҒАШЫҚТЫҚ
ШЫН ҒАШЫҚТЫҚ
23.02.2021 12:09
287
0

Төрт көбелек жанған оттың не екенін көргісі келген еді. Бірінші көбелек отқа анадай жерден жақындап барғанда оның жарығын көріп:

– Бұл от жарық беретін нәрсе екен, – дейді.

Екінші көбелек бұдан да мол мағлұмат алу үшін отқа алғашқыдан да жақындап барып қараса, оттың жылуын сезінеді. Сөйтіп

– Бұл от дегенің жарық беруімен қатар жылытады да екен, – дейді.

Үшінші көбелек отты бұдан да толығырақ танымақ болып одан сайын жақындағанда жалынның ыстығына күйіп қалады, Сосын:

– От жарық беруімен, жылу беруімен қатар заттарды жағып та жібереді екен, – деген қорытындыға келеді. Ал төртінші көбелек бұған да қанағаттанбай отқа жақындай береді. Алдымен жарығын көреді, одан кейін жылуын сезінеді, кейін қанаттары күйе бастайды. Сонда да толығырақ танымақ болып ұмтыла бергенде оттың жалынына оранып өртеніп ғайып болып кетеді.

Оттың шын мәнінде не екенін төрт көбелектің ішінде жалғыз сол ғана білген еді.

Иә, Аллаға ғашық болғандар да оны тілмен айтып жеткізе алмайды.

 

 

0 пікір