"ШІРІГЕН СҮЙЕКТЕРДІ КІМ ТІРІЛТЕДІ?"
"ШІРІГЕН СҮЙЕКТЕРДІ КІМ ТІРІЛТЕДІ?"
15.03.2023 07:38
397
0

 Қайрат Жолдыбайұлы, "Имани гүл"

Ей, Адам!

Ші­рі­ген­ді кім ті­ріл­тер деп адас­па!

Ті­ріл­те­ді, Кім жа­рат­са оны әу бас­та!


Қай­та ті­рі­лу­ге сен­бей­тін бұрынғы адамдар мен қазіргі кей­бір за­ман­дас­та­ры­мыздың бұл тұрғыдағы кү­мән­да­ры мен кел­ті­ре­тін дә­лел­де­рін­де еш ай­ыр­ма­шы­лық жоқ. Өйтке­ні бә­рі­нің қай­та ті­рі­лу­ге де­ген көз­қа­ра­сы бі­реу – «ші­ріп кет­кен сүйек­ті кім ті­ріл­те­ді?». Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың дәуі­рін­де де өл­ген­нен кейін қай­та ті­рі­лу­ге сен­бей­тін­дер бо­лған. Бір кү­ні Убай ибн Ха­лаф атты бір кісі Алла Ел­ші­сі­нің жа­ны­на ке­ліп, қо­лын­да­ғы ші­ріп кет­кен бір сүйек­ті ұс­тап тұ­рып ке­ле­ке ет­кен сы­ңай­мен бы­лай де­ді:

–  Алла Та­ға­ла мы­на сүйек­ке жан бе­ріп, қай­та тіріл­те­ді, со­лай ма?

Алла Ра­су­лы (с.а.у.):

–  Әри­не, оған жан бе­ріп ті­ріл­те­ді, әрі се­ні то­за­ғы­на са­ла­ды, –  деп жауап бер­ді.

Осы оқи­ға­ға бай­ла­ныс­ты «Ясин» сү­ре­сі­нің тө­мен­де­гі аят­та­ры түс­ті:

﴿أَوَلَمْ يَرَ الْإِنسَانُ أَنَّاخَلَقْنَاهُ مِن نُّطْفَةٍ فَإِذَا هُوَ خَصِيمٌ مُّبِينٌ * وَضَرَبَ لَنَامَثَلاً وَنَسِيَ خَلْقَهُ قَالَ مَنْ يُحْيِي الْعِظَامَ وَهِيَ رَمِيمٌ *قُلْ يُحْيِيهَا الَّذِي أَنشَأَهَا أَوَّلَ مَرَّةٍ وَهُوَ بِكُلِّ خَلْقٍعَلِيم ﴾

«Адам ба­ла­сы біз­дің олар­ды бір там­шы су­дан жа­рат­қа­ны­мыз­ды көр­мей ме? Сөй­те тұ­ра ол біз­ге ашық дұш­пан бол­ды. (бір там­шы су­дан) Қа­лай жа­ра­тыл­ға­нын ұмы­тып, біз­ге бы­лай деп мы­сал кел­тір­ді: «Шіріген сүйек­тер­ді кім ті­ріл­те­ді?» (деді). Олар­ға: "Олар­ды әу бас­та кім жа­рат­са, қай­та­дан ті­ріл­те­тін де Сол жә­не де Ол бар­лық жа­ра­тылысты толық бі­ле­ді" де», – деп ке­ше мен бүгін­нің адам­да­ры­ның қай­та ті­рі­лу­ді жоқ­қа шы­ға­ру бары­сын­да кел­тір­ген дә­лел­де­рі мен кү­мән­да­ры­на на­зарымызды ауда­рып, олар­дың кел­тір­ген ай­ғақ­та­ры­ның түкке тұрғысыз еке­нін көр­се­те­ді.

Осы­дан бір ғасыр бұ­рын жер бе­тін­де қай­сы­мыз бар едік? Бә­рі­міз жоқ емес пе едік? Со­лай бо­ла тұ­ра адам ба­ла­сы өзі­нің бір там­шы су­дан жа­ра­тыл­ға­нын ұмы­тып, өзін жоқ­тан жа­рат­қан Раб­бы­сы­ның қай­та ті­ріл­те­ті­ні­не кү­мән­да­на қа­рап, өзін­ше даң­дай­сып «ші­рі­ген сүйек­тер­ді кім ті­ріл­те­ді?» – деп мы­сал кел­ті­ре­ді. Иә, өзін жоқ­тан жа­рат­қан Аллаға иман келтіре оты­рып, қай­та ті­ріл­те­тін құді­ре­ті­не кү­мән кел­ті­ре­тін­дер­дің ойы мүл­де тү­сі­нік­сіз, дә­ле­лі тіп­ті қи­сын­сыз, ақыл­ға те­ріс.

Қол са­ға­тты ал­ғаш тауып, жа­са­ған ше­бер адам біз­ге: «Мы­на са­ғат­ты қа­зір бұ­зып, қай­та­дан жа­сауға ілі­мім әрі қа­бі­ле­тім то­лық же­те­ді» де­се, еш кү­мән­сіз се­нер едік. Ал, ен­ді біз­дер­ді жоқ­тан тір­ші­лік бе­ті­не шы­ғар­ған Ұлы Жа­ра­ту­шы­мыз­дың біз­ді өл­тір­ген­нен кейін қай­та ті­ріл­те­ті­ні­не кү­мән­да­на қа­рап, шек­сіз құ­ді­ре­ті­не шү­бә кел­ті­ру орынды ма?

 

Ислам.кз

 

0 пікір