РУХТЫҢ ҚАБІР ӘЛЕМІНДЕГІ ЖАЙЫ
РУХТЫҢ ҚАБІР ӘЛЕМІНДЕГІ ЖАЙЫ
13.01.2022 10:21
599
0

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “Қабірдегі жан теңізге батып бара жатып көмек сұраған адам сияқты. Әкесінен, анасынан, бауырынан немесе досынан өзіне келетін дұғаны күтеді. Дұғалар өзіне жеткенде дүние және ішіндегілер берілгеннен де артық қуанады”. (Бәйһақи, Шуғаб ул-иман)

Пайғамбарымыз (с.a.у.) бір жолы қабір жайын және қабірдегі сұрақ-жауап туралы айтқан. Омар ибн Хаттаб (р.a.) қабірдегі өмірдің мәнін жақсылап ұғып алу үшін: 

Ақыл-есіміз басымызға орала ма? – деп сұрайды. Пайғамбарымыз (с.a.у.):Иә, осы бүгінгі қалпында ақыл, саналарың беріледі, - дейді.

Пайғамбарымыз (с.а.у.): “Сөз жоқ, қабір не жәннат бағының, не жаһаннам шұңқырларының бірі” деген.

Кей ғұламалардың айтуынша, Алла ризашылығына бөленген жанның рухы жәннатта болумен қатар, қабірімен де байланысын үзбейді. Бұл байланыс, әсіресе, жұмада күні-түні, сенбі түнемелік күн шыққанша өте күшті болады. 

Алла ризашылығына бөленген жанның рухы дүниедегі тірілердің істеген істерінен де хабардар болады. Ондай адам қайтыс болғанда одан бұрын дүниеден өткендер одан дүниедегі достарының жағдайларын сұрайды жеке-жеке. Егер жаңа келген рух ол адам жайында қайырлы хабар берсе, сұраған рух:

- Уа, Раббым! Бұл досымызды осы қайырынан айнытпа, - деп дұға жасайды. Егер одан басқа жауап алса, онда:

- Уа, Раббым! Oны қайырға бағытта, қайырға бұр, - деп дұға етеді. Eгер жаңа келген рух:

- Oл досыңыз біраз бұрын қайтыс болған. Сендердің жандарыңа келмеді ме? – дейтін болса, онда: 

- ‘Иннә лилләһи уә иннә иләйһи ражиғун’ деп, “Өкінішті, біздің жолымыздан басқа жолға түсіп, жаһаннамдық болған ғой, - деп күйзеледі.

Ал кей ғұламалар Алла ризашылығына бөленген жанның рухы қабірмен осындай байланысы кезінде өзіне берген сәлемді естиді. Өздеріне рұқсат етілсе, сәлеміне жауап та қатады деген. (Умдат ул-Қари және Тәжрид Сарих аудармасы)

0 пікір