Қияметтің белгілері
Қияметтің белгілері
23.08.2019 10:10
3220
0

        Қиямет сөздікте «тұру, аяққа тұру» деген мағыналарды білдіреді. Терминология тұрғысынан мына ғаламның тәртібінің бұзылуы, әр нәрсенің астаң-кестең болып, жоқ болған және өлгендердің қайтадан жаратылып, тірілтіліп, қайта тұруы және маxшарға қарай жөнелуі, яғни өлімнен кейінгі тіршілік деген мағынаны білдіреді.

       Қияметтің болатындығы жайлы қасиетті Құранда:

«Сөйтіп ол (ақирет сенімін мазаққа айналдырып): «Әлгі қиямет күні қашан?» - деп сұрайды. Қатты үрейден көздер қарығып, қарауытқан, ай тұтылған және күн мен ай бір бірімен тоғыстырылған кезде; Міне, сол күні адам баласы: «Қашатын жер бар ма?» - дейді. Жо-жоқ, (ол күні) бас сауғалап, паналайтын жер жоқ! Ол күні бәрінің барар жері Раббыңның құзыры болмақ» («Қиямет» сүресі, 6-12-аяттар) делінсе, ол күн былайша сипатталады: «Аспан шатынап жарылған кезде, жұлдыздар төгіліп (үзілген моншақтың тастарындай), жан жаққа шылған кезде, теңіздер тасып, бір біріне қосылған кезде, қабірлердің іші сыртына ақтарынған кезде, міне, сонда әрбір жан (бұл дүниеден о дүниеге жақсы-жаман) не жіберіп, артына не қалдырғанын анық білетін болады» («Инфитар» сүресі, 1-5-аяттар).

       Құран Кәрімде қиямет күні «Сағат», «уақыа» (міндетті түрде орын алатын оқиға), «Әт-тәммәттүл-күбра» (ең ұлы пәлекет), «Хаққа» (міндетті түрде болатын), «Ғашия» (ауыртпашылығымен бүкіл жаратылысты түгел қамтитын алапат оқиға), «Қариа» (есігімізді міндетті түрде қағатын ақиқат) секілді атаулармен берілген.

       Қиямет күні келмей тұрып бүкіл мүміндердің жолдары ашылады да, ақырет әлеміне көшіп кетеді. Осылайша, нағыз қиямет адамдардың кәпірлеріне арналатын болады.

 

 

 

 

0 пікір