ҚИЯМЕТ ҚАШАН БОЛАДЫ?
ҚИЯМЕТ ҚАШАН БОЛАДЫ?
23.02.2021 11:51
254
0

 Ақыл есі бүтін, санасы бар кез-келген адам өзін мазалаған сұрақтарға жауап табуға тырысады. Сол күрделі сауалдардың бірі - «Қиямет қашан болады?».

       Қияметтің қашан болатынын бір Алла ғана біледі және ол жайлы қасиетті Құранның көптеген аяттарында айтылған:

«Расында, қиямет күнінің мәліметі Алланың алдында» (Лұқман, 31/34).

       Келесі аятта былай делінеді:

«(Ей, Мұхаммед!) Олар сенен қияметтің қашан болатынын сұрайды. (Сен оларға:) «Оның қашан болатынын Раббымның өзі ғана біледі. Ол оны қарарлы кезінде болдырады. Қиямет – жер мен көкке (ондағы мақұлықтарға) ауыр оқиға. Ол сендерге кенеттен келеді» деп айт. Олар сенен сұрайды, сен оны анық білетіндей-ақ. «Оны тек Алла біледі, бірақ адамдардың көбі (Алланың білетінін) білдірмейді» де!».

       Жәбірейіл (а.с.) Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) қияметтің қашан және қай кезде болатынын сұрағанда Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Бұл жөнінде өзіне сұраққойылған адам сұраққоюшыдан артық мәлімет иесі емес» деп жауап берген.

       Иә, мұсылман үшін қияметтің қашан болатыны емес, оған дайындық маңыздырақ. Қалай болғанда да алдымызда мәңгілік дейтін өмірдің түрғандығы анық. Сондықтан  қияметтің қашан болатынына уақытымызды босқа жұмсағаннан гөрі, Алла тағаланың шынайы құлы болуға, Оның ұлы нығметі мен қамқорлығынан, Өзі ғана сый-сыяпат жасайтын мейірімінен ада қалмауға, Өзі сүйіншілеген жәннатынан мақұрым қалмауға  асықсақ құба- құп. Алла баршамыздың жүзімізді жарық қылсын деп тілейік!

 

 

0 пікір