Өлмек үшін туғансың, ойла, шырақ!..
Өлмек үшін туғансың, ойла, шырақ!..
23.05.2019 15:08
303
0

Күнделікті өмірді өлім мен туу үдерісінің алма-кезек жалғасып жатқанына куә боламыз. Көктем келісімен жер беті құлпырып кетеді. Қаңқаға ұқсап қурап тұрған ағаштарға жан бітіп жап-жасыл болып құлпыра кетеді. Жер беті алуан түске бүрініп сан түрлі шыбын-шіркей, құрт-құмырысқа, құстар мен тағы басқа жан-жануар көбейе түседі. Алайда көп ұзамай соның бәрі қайтып кетеді. Гүлдер солып, құрт-құмырысқа өледі, ағаштар қайтадан қаңқа күйіне оралады. Жер беті ақ кебінге оранады да қалады. Алайда бұл өлім де мәңгілік емес. Келесі көктем жер бетін қайта құлпыртады. Кеткендер қайтып оралады. Жер беті қайта гүл жайнайды.

Негізінде қарап отырсақ бұл құбылысқа баршамыз куәміз. Жер шарының бір жерінде ағаш сарғайып жапырағын төгіп жатса екінші бір жерде бүршік жарып құлпырып жатады. Бұл құбылыс тоқтаусыз қайталанып тұрады. Тіршілік иелері өледі, өлілер қайта тіріледі.

Адам да осы құбылыстай өзіндік бір тағдыр кешуде. Ол да бұл дүниеге өлу үшін келеді. Содан соң қайта тірілу үшін өледі, гүлдер іспетті. Гүлдер келесі көктемде тірілсе адам баласы келесі дүниеде қайта тіріледі.

...Өлейін деп өлмейді өлерлік жан,

Әсте өлмесін білгендей қылық қылған.

Ажал келіп бас салса, жанды ұрласа,

Өмір қайда, сен қайда, соны да ойла.

Адамзат_— бүгін адам, ертең топырақ.

Бүгінгі өмір жарқылдап алдар бірақ.

Ертең өзің қайдасың, білемісің,

Өлмек үшін туғансың, ойла, шырақ!..(Абай)

 

0 пікір