Өлім, өлімнен кейінгі өмір
Өлім, өлімнен кейінгі өмір
27.07.2019 17:30
626
0

Өлім, рухтың (жанның) тәннен айырылып өмірдің аяқталуы. Бұл, Алланың өзгермейтін заңы: «Әрбір тірі жан өлімді татады(өледі). Шүбәсіз қиямет күні істегендеріңнің ақысы сендерге толықтай беріледі»  (Әл-Имран сүресі, 3/18)

Ислам сенімі бойынша қиямет болғаннан кейін барлық жаратылыс жоқ болады, Алладан басқа ешбір жан қалмайды. Сондай-ақ , аятта: «Жер бетіндегі  барлық жан иесі жоқ болады. Тек ұлылық пен жомарттық иесі Раббыңның заты мәңгілік қалады» (Рахман сүресі, 55\26-27) делінеді.

Ақырет әлемі;  Исрафилдің (а.с) бірінші рет сүр үрлеуінен кейін қиямет қайым болып, әлемнің жүйесі бұзылып дүниеде тіршілік ететін барлық жан иесі бір сәтте өлуі;  Исрафилдің екінші рет сүр үрлеуінен кейін, дүниеде өмір сүрген барлық адамдардың рухы мен тәнімен тірілтіп дүниеде істегендеріне жауап беру үшін махшар алаңына әкелінуі, есеп бергеннен кейін сенімі мен амалына қарай жәннатқа не, тозаққа бару сатыларынан тұрады.

0 пікір