ОЛАЙ БОЛСА, НЕНІ КҮТІП ЖҮРСІҢДЕР?
ОЛАЙ БОЛСА, НЕНІ КҮТІП ЖҮРСІҢДЕР?
06.04.2021 10:18
155
0

Әйгілі ғалымдардың бірі ғибрат алу үшін шәкірттерімен қабірлерді зиярат етеді. Бір қабірдің тұсына келгенде ғалым шәкірттеріне қарап: «Мына қабірде жатқан кісі осы дүниеге қайта келсе қандай іс жасар еді?» деп сұрайды. Шәкірттер: 

- «Әрине намаз оқыр еді. 

- Парыз оразаны да, нәпіл оразаны да ұстар еді. 

- Қолынан келгенше жақсылыққа шақырып, жамандыққа тыйым салар еді» деп т.б әр түрлі жауап береді. Қысқасы шәкірттер шариғатта ізгі іс саналған істің баршасын санап шығады. Ғалым: «Олай болса сендер осы айтып шыққандарыңды неге қазірден жүзеге асырмайсыңдар?! Мына қабірде жатқан кісі қайтып осы дүниеге келе алмайды. Алайда сендердің осы жерге келетіндерің анық. Олай болса, нені күтіп жүрсіңдер?» деген екен. 
Жұма мүбарак! Алла Тағала баршамызға шариғат шеңберінде ізгі істер жасауды нәсіп етсін!

 

Бауыржан АЛИҰЛЫ

 

0 пікір