Оған шын көңілмен беріл!..
Оған шын көңілмен беріл!..
10.07.2019 10:32
357
0

Қиналғандар жалбарынып жәрдем сұрайтын, қашанда тілге аты оралып, жүректер сүйетін бір ұлықтық иесі бар. Ол – жалғыз ғана Алла. Олай болса, сен де, мен де, қуаныш пен қайғыда, қиындық пен жеңілдікте Оған ғана жылап, жалынып, жалбарынуымыз тиіс. Себебі Алла Тағала тағдырымыздың иесі, жағдайларды түзеуші, жүректерді өзгертуші, жер бетіндегі барлық жыбырлаған жан иесін ырзықтандырушы.

 Сондықтан жер бетінде Алладан басқа ешкім бұл ұлы құлшылыққа лайық емес. Дүниеден озған ізгі кісілердің өзі де сол Ұлы жаратушыға қиналғанда да, жәй кезде де жалбарынуымен ізгілікке қол жеткізді. Сонда оларға Оның қолдауы жетіп, табысқа кенелді. 

Егер Алланы тапсаң, бүкіл нәрсені тапқан боласың. Ал егер Аллаға деген сеніміңді жоғалтсаң, бүкіл нәрсені жоғалтқаның. Сенің Раббыңа жалбарынып дұға етуің – сұрауыңның орындалуымен қоса үлкен ғибадат болып есептеледі. Дұға жасауды жақсы білген адам, уайымдап, мазасызданбайды. Өйткені, Алла Тағалаға сені байлаған арқаннан басқа барлық арқан атаулы үзіліп кетеді. Алла Тағаладан басқа барша есіктер түгелдей жабылып қалады.

Сондай-ақ, Алла өте жақын әрі естуші, қабыл алушы. Жаны қиналып, күйзелген адам жалбарынып дұға қылса, Ол қабыл алады. Алла Тағала Құранда: "(Мұхаммед Ғ.С.) егер құлдарым, Мен туралы сенен сұраса: «Өте жақынмын, қашан Менен тілесе, тілеушінің тілегін қабыл етемін. Ендеше олар да әмірімді қабыл етсін. Және Маған сенсін. Әрине тура жол тапқан болар еді»-деген ( Бақара сүресі 186 аят).

 Сондықтан да, егер сенің басыңа бірер қиындық туса, Алланы еске ал, Алладан жәрдем, кеңшілік сұра. Алланы ұлықтап, маңдайыңды топыраққа бөле. Сонда ғана өмірдің қиындықтарынан сүрінбей өтіп, бақыттың тәжін киесің. Мұрныңды құлдық етіп, топыраққа мал, қолдарыңды көтер, алақаныңды жай, тіліңді дұғамен сөйлет, Одан көп сұра, жалбарын, кешірім есігінің алдында тұрып ал. Оның мейірімін, аяуын тос. Оған шын көңілмен беріл. Сонда ғана сен ең бақытты жан болып, жеңіске жетесің!

 

 

0 пікір