МЫНА БЕС НӘРСЕ ҮШІН ҮСТЕМЕ РЕТІНДЕ ТАҒЫ ДА БЕС НӘРСЕ АЛАСЫЗ
МЫНА БЕС НӘРСЕ ҮШІН ҮСТЕМЕ РЕТІНДЕ ТАҒЫ ДА БЕС НӘРСЕ АЛАСЫЗ
19.07.2021 10:06
614
0

 Пайғамбар (с.ғ.с.) бір хадисінде былай деген екен:

 «Алла Тағала кімге бес нәрсені берсе, үстеме ретінде тағы да бес нәрсе береді:

1. Кімге шүкіршілік қасиет берсе, оның ризығын үстемелейді;

2. Кімге дұғагөйлік қасиет берсе, оның дұғасын қабыл етеді;

3. Кімге истиғфар – жарылқану тіленетін қасиет берсе, оған кешірім жасайды;

4. Кімге тәубешілік қасиет берсе, оның тәубесін қабыл алады;

5. Кімге садақа берушілік қасиет берсе, оның садақасын қабыл етеді».

Ендеше, Алла Тағала бізді нығметтеріне шүкір ететін шүкіршіл пенделерінен етсін!

Шүкірсіздіктен, күпірліктен сақтасын!

Жасаған амалдарымызды, ғибадаттарымызды қабыл алсын! Әмин!

 

0 пікір