МҰСЫЛМАННЫҢ 25 АҚЫСЫ
МҰСЫЛМАННЫҢ 25 АҚЫСЫ
23.06.2020 10:42
2287
0

1. Өзі жақсы көрген нәрсені өзгеге де жақсы көру, жек көрген нәрсесін өзгеге де жек көру. 

2. Мұсылманға қолымен де тілімен де зиян бермеу. 

3. Барша мұсылмандарға тәкаппарланбай кішіпейіл болу. 

4. Біреудің сөзін екінші бір адамға тасымау. 

5. Үш күннен артық ренжіп жүрмеу. 

6. Шамасы келгенше барлық адамға қамқоршы болу. 

7. Біреудің үйіне рұқсатсыз кірмеу. 

8. Барша адамдарға көркем мінезімен мәміле жасау. 

9. Үлкенге құрмет кішіге іззет. 

10. Адамдарға күлімсіреп қарым-қатынас жасау. 

11. Біреуге уәде берсе үддесінен шығу. 

12. Өзінен қарағанда өзгелерге әділдік жасау. 

13. Ғалымдарды ерекше құрметтеу. 

14. Екі мұсылманның арасын татуластыру. 

15. Мұсылманның айыбын жасыру. 

16. Күмән тудыратын нәрселерден аулақ болу. 

17. Мұқтаж жандарға қол ұшын беру. 

18. Амандасу, қол беріп сәлем беру. 

19. Мұсылман бауырының абыройын мал-дүниесін шамасы келгенше қорғау. 

20. Түшкірген адамға «Йархамукаллоһ» деп айту. 

21. Тас лақтырғанға ас лақтыру жолын ұстану. 

22. Мұсылмандарға насихат айту, жүректеріне қуаныш сыйлауға әрекет ету. 

23. Ауырған адамның жағдайын сұрау. 

24. Жаназаға қатысу. 

25. Қабірлерін зиярат ету. 

 

Халид Исмайыл Сулеймен

 

0 пікір