МҰҒЖИЗА: КИІКТІҢ ПАЙҒАМБАРЫМЫЗБЕН (С.A.У.) ТІЛІДЕСУІ
МҰҒЖИЗА: КИІКТІҢ ПАЙҒАМБАРЫМЫЗБЕН (С.A.У.) ТІЛІДЕСУІ
05.08.2022 14:20
206
0

قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: إِنَّ أَفْضَلَ الْاِيمَانِ أَنْ تَعْلَمَ أَنَّ اللهَ مَعَكَ حَيْثُمَا كُنْتَ. (طس)

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “Расында ең ізгі иман, қайда болсаң да, Aлла Tағаланың сенімен бірге екенін (сені көріп бақылайтынын) білгенде”. (Taбарани, әл-Mужам ул-әусат)

Зәйд ибн Әрқам (р.а.) айтқан:

Пайғамбарымызбен (с.а.у.) Мәдина мунаууараның бір ауылына бара жатқанбыз. Бір арабинің есік алдында бір аналық киіктің байлаулы тұрғанын көрдік. Киікке тіл бітіп, “Уа, Расулалла! Мына үйдің иесі араби мені ұстап алды. Менің екі лағым бар. Желінім сүтке толды. Не мені бауыздасын, мына азаптан құтылайын, не босатсын, барып кішкентайларымды емізейін!” деді.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) киікке “Егер сені босатсам, қайтып келесің бе?” деді. Киік қайтып келуге сөз берді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) киікті босатып жіберді.

Кеткен киік көп кешікпей қайтып келді. Пайғамбарымыз (с.a.у) oны қайта байлады. Осы кезде үй иесі су алып сыртқа шықты. Пайғамбарымыз (с.а.у.) оған “Мына киікті маған сатасың ба?” деді. Араби “Уа, Расулалла, сіздікі болсын” деп, киікті Пайғамбарымызға (с.а.у.) тарту етті. Ал Пайғамбарымыз (с.а.у.) киікті еркіне қоя берді.

Зәйд ибн Әрқам (р.а.) айтқан: “Уаллаһи, сол киіктің шөл далада ‘Лә иләһә иллал-лаһ Мұхаммедун Расулаллаһ’ деп жүргенін көрдім”. 

 

0 пікір