МАРҚҰМ ДЕГЕН КІМ?
МАРҚҰМ ДЕГЕН КІМ?
13.12.2019 11:07
1492
0

Марқұм деп қазақта өмірден өткен адамды атайды. Алайда өмірден өткен адамның әр бірін марқұм деп айтуға келмейді. Бүгінде қарапайым халық арасында және бұқаралық ақпарат құралдарында, яғни теледидардағы жаңалықтардан т.б. христиан немесе мұсылманнан басқа дін өкілдерінен бір  адам қайтса «пәленше марқұм» деп мәлімдейді. Бұл қате түсінік. Өйткені, марқұм деген рахым сөзінен шығып Алланың рахымына бөленген деген мағынаны білдіреді.  Ислам ғұламалары ана дүниеде мұсылманнан басқа дін өкілдері рахым көрмейді, яғни жәннәтқа кірмейді дегенді бір ауыздан шығарады. Бұған әрине Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) Құранды әкелмей тұрып өзгеріске түспеген, дұрыс кезінде ұстанған христиан, яхуди т.б. дін өкілдері кірмейді. Дегенмен Құран аяттары түсе бастағаннан, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Ислам дінін жеткізгеннен бастап одан бас тартқан дін өкілдері Аллаһтың қаһарына ұшырайды.   Мұны қазақ бабамыз білген және ұрпақтарына үйретіп отырған еді.

         Ал бүгінде қазақ халқында да Исламды жете түсінбегендіктерінен барлық діндер өз елдеріне дұрыс деп түсінеді. «Барлық діндер де жақсылыққа үндейді ғой» деп айту Ислам келіп, басқа діннің үкімдері жойылды дегенге қарсы сөз болып табылады. Құрметті ағайын «Аллаға ауыз жол емес» демекші білім алу аса қажеттілігі алдымыздан шыға беретіні хақ.

 

Азамат ДӘУЛЕТОВ

0 пікір