ЛӘӘ МӘКӘН
ЛӘӘ МӘКӘН
25.03.2020 08:34
414
0

«Мекен берген, халиқ1 қылған Ол – лә мәкан,

Түп иесін көксемей бола ма екен?

Және оған қайтпақсың Оны ойламай,

Басқа мақсат ақылға тола ма екен?!» - дегенде Абай атамыз  «Ләә мәкән»ді сөз келімі мен қара ұйқас үшін әсте бермеген. Керісінше орасан тәнзих мәселесін қаузап қолданған. Әсіресе ақидалық бағыты бесенеден белгілі. Бұл қазақтардың шынайы ақидасы2ның шырайы һәм ол әһлус-сунна уәл-жамаға сара жолы.

Ләә – араб тілінде түбегейлі болымсыздық ләмі3 деп аталады. Бұл мәлім есім сөздердің басында келіп, исмін насф, хабарын рафғ етеді. Етістіктегі лә-дан бұл мүлде өзгеше. Жә, оны тіл майталмандарына қалдырып мен «ләә мәкән» төңірегінде торуылдай алсам құба-құп.

Түбегейлі болымсыздық ләмі дегенімізді сәл ашықтайық; Мысалы үйде ешкім жоқ десек, тірі пәнде жоқ екенін аңғарамыз. Яғни ер, әйел бала-шаға бәрі. Осы «ләә»-ні аударғанда міндетті түрде «еш» дегенді қосу қажет болады. Біздің ана тілімізге сонда сіңімдірек келеді. Мәкан кәдімгі ана тілімізге еніп кеткен мекеннің дәл өзі.

Сонда «Ләә мәкан»нің аудармасы «Оның ешқандай, ешбір мекені жоқ» болады.

Міне ләә мәкән да тура сондай қолданыста келуде. Ұлы Раббымыз үшін ешқандай, ешбір қандай бір бейне сипатта мекен жоқ демек-дүр. Мекенсіз деп аударуға да болады. Бірақ арап тіліндегі нәзіктіктер бұған бөгеттік жасайды. Ол үшін «бә» харфі-жәррін қосу қажет болады. Ал оны қоссақ ләйсә яғни емес мағынасына ойысып кетеді.

«Ләә иләәһә иллаллаһ» тұп-тура сол ләә келуде. «Аллаһтан басқа еш тәңір жоқ»

«Ләә райбә фиһи»4 де де сол ләә. «Осы кітапта ешбір күмән жоқ»

«Ләә хәулә уәләә қууәтә»-де да тағы сол. «Одан басқа ешбір күште қуатта жоқ»

Міне осы берілген мысалдар және аз болсада ашықтаулардан соң, «ләә мәкән»ді терең түсінген боларсыздар. Жарықтық Абай атамызға Аллаһ рақымын төккей!Қазақтың қара өлеңіне сенімнің сұлуын сіңіріп жіберген-ақ қой шірін дерсіз!

Мутәшәәбих аят хадистерді сөзбе-сөз түсініп, қалыптасқан мызғымас сенім жүйесіне қарсы жүзген бауырларымызға Аллаһ ес, сана бергей!

 

Сілтемелер:

  1. Халиқ , кириллицаға  түсіргенде халық болып кеткен болар.
  2. аzan.kz – қар.з.
  3. Ләә ән-нәфияту лил-жинси деп аталады.
  4. Бақара сүресі – 2 аят.

Берікбай ГЕРМАНҰЛЫ

 

0 пікір